Ақтөбе облысының мешіттерінде намазды қалай дұрыс оқу керектігі үйретіле бастады

Бөлісіңіз

Мешіттерде намаз оқып үйренушілерге арналған көмекші құрал қойылды, деп хабарлайды «Тілші» облыстық мешіттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жуырда өңіріміздегі және бір мешітке — Нокин ауылдық мешітіне «Ханафи мәзхабы бойынша намаз оқу тәртібі» тақтайшасы қойылды. Бүгінгі уақытқа дейін жалпы саны 10 мешітке, атап айтқанда қаладағы 4 мешітке және 6 аудандық мешітке дәл осындай тақтайшалар қойылып, бұл Алланың үйіне намаз оқып үйренуге келгендерге көшбасшы әрі көмекші бола түсті», дейді мешіттің баспасөз қызметкерлері.

Тақтайшаларда намазды Ханафи мазхабы бойынша оқудың тәртібі дәлелдермен, фотосуреттермен бірге келтірілген. Амалдар ұғынықты, қысқа түрде әрі өте жеңіл түсіндіріледі. Мұндай  бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Марат Төлепберген, «Тілші»

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *