Ақтөбеге екі күнге оралған Димаш Құдайберген әуежайда неге бір ауыз сөз айтпады? (ВИДЕО)

Ақтөбеге екі күнге оралған Димаш Құдайберген әуежайда неге бір ауыз сөз айтпады? (ВИДЕО)

Бүгін Ақтөбеге оралған Димаш Құдайбергенді алдымен БАҚ өкілдері асыға күтті, алайда журналистердің ешқайсысы жас әншіні сөйлете алмады, деп хабарлайды «Тілші».

Оған Қытайда өтіп жатқан «Мен әншімін» байқауының қойып отырған шарттары да себеп болуы мүмкін. Әншіге ешбір БАҚ өкіліне интервью беруіне тыйым салынған секілді. Димаштың қасында жүрген досы, әрі көмекшісі Алпамыс Шаримов та сұрақ қойған тілшілердің алдын орауға әрекет жасап бақты.

«Сіздерге рахмет, барлықтарыңызға Димаштың атынан алғыс айтамыз» деді ол әуежайдан шығып, шағын автобусқа бет алып бара жатып.

Димаш тек фанаттарымен селфи жасауға ғана келісіп, көптеген смартфондар жарқылы алдында күлімсіреп тұруға мәжбүр болды.

Айта кетейік, сенбі күні Димаштың фанаттары әуежайға бірнеше сағат бұрын жиналды. Әуежайда ине шаншар орын болмады, сыймағандары ғимараттың екінші қабатына шығып күтті.

Димашты ұшақ салонынан алдымен Бердібек Сапарбаевтың өзі күтіп алды. Әнші вип бөлме арқылы емес, қарапайым өткел арқылы өтті. Қаумалаған жұрт Димаштың репертуарынан «Дайдидау», «Еркем» секілді әндерді шырқады.

Әуежайдан шыға бере ол фанаттарымен селфиге түсті де, шағын автобусқа отырып жүріп кетті.

Баласын желтоқсан айынан бері көрмеген анасы Светлана Айтбаева көпшілік алдына шықпады. Тіпті, сағынып тұрса да, бұқара алдында баласын құшақтауға мүмкіндік болмады.

«Қытайдан төрт журналист келді, олар бүгін және ертең Димаш жайлы деректі фильм түсірмек»,  — деді ол «Тілшіге» берген сұхбатында.

Марат Төлепберген, «Тілші»

screenshot_2017-02-25-20-58-30 screenshot_2017-02-25-20-59-45 screenshot_2017-02-25-21-00-16 screenshot_2017-02-25-21-00-49-1 screenshot_2017-02-25-21-01-00 screenshot_2017-02-25-21-01-15 screenshot_2017-02-25-21-02-00

 

 

 

 

 

 

  1. Димашта Астана қарсы алмағаны əрине өкінішті!Министрді айтпай-ақ,өнер жұлдыздары қайда?Əріптестеріне қолдау көрсетсе болар еді.Дегенмен..Ақтөбеліктер жарады!Қуаныштымыз!!!

    Reply
  2. Әділжан 26.02.2017, 02:36

    Біздің әнші сымақтар той-томалақта жүрген болар. Олардың басты тиын-тебен табатын нәпақысы тойда емес пе?!

    Reply
  3. Сандигуль 26.02.2017, 02:57

    Димаш Алла жар болсын! Ақтөбеліктер әрқашанда өз ұл-қыздарын ерекше бағалайды! Жарайсың! Сенің талантың арқылы әлемнің әр түкпіріндегі өнер сүйер адамдар Қазақстанды Ақтөбемді біліп жатыр! Аллаға шүкір! Шын ниет осындайда көрінеді.

    Reply
  4. Димашжан керемет, Жерлесіміз деп бөлмейік, бұл бүкіл қазақ елінің мақтаныш бір туар əншісі. Алға бауырым.

    Reply
  5. Улбосын 27.02.2017, 02:20

    Бердибек Сапарбаевка ризамын, баска облыс акимдериниге охрана керек болса,бул киси биреуге карауыл болып жур , Ой барекелди Бердибек Сапарбаев!Коп жаксы истерини билемин!

    Reply

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.