Қытай журналистері Ақтөбеде Димаш Құдайберген жайлы деректі фильм түсіреді

Бөлісіңіз

Бүгін кешке Ақтөбеге астаналық рейспен Димаш Құдайберген келеді, деп хабарлайды «Тілші».

«Димаштың қасында менеджері Алпамыс Шаримов пен Қытайдан төрт журналист бар. Бүгін отбасы жайлы деректі фильм түсірмек. Ертең Димаштың оқыған мектебі мен музыкалық колледжінде түсірілім жалғасады. Меймандар сонымен бірге Димаштың таэквондомен айналысқан спорт мектебіне де баруды көздеп отыр, — дейді «Тілшіге» әншінің анасы Светлана Айтбаева.

Белгілі болғандай, түсіру тобы ертең ипподромға да ат басын бұрмақ.

«Ат — қазақтың қанаты деп жатады. Димашты да қытайлар «Қазақтың қанаты» деп атап кеткен. Сондықтан, ат үстіндегі Димашты көрсеткілері келеді», — дейді анасы.

Айта кетейік, бүгін Димашты жас тыңдармандары да күтіп алмақ.

«Ғаламторда жерлесімізді күтіп алуға ұсыныс тастап жатырмыз. Бұл жерде ешқандай жастар ұйымы жоқ. Тек, әркім өз бастамасымен әуежайға келеді. Бізде де Димаштың жанкүйері аз еместігін көрсеткіміз келеді», — дейді белсенді жастардың бірі Ербол Шыма.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: Today.kz

 

Ұқсас жаңалықтар

One thought on “Қытай журналистері Ақтөбеде Димаш Құдайберген жайлы деректі фильм түсіреді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *