Батаның бірнеше түрін оқыған Людмила әжейге ақтөбеліктер ризашылығын білдірді (ВИДЕО)

Бөлісіңіз

Батаның түр-түрін оқыған Людмила әжейге ақтөбеліктер ризашылығын білдірді, деп хабарлайды «Тілші».

Бүгін Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары»: «Ақ бата» тақырыбында этнографиялық кездесу болып өтті. Шараның мақсаты туралы айтып өткен кітапхана директоры Гүлжайнар Қалдина баталар жинағын әзірлеген Людмила Байқадамоваға сөз берді.

Жетпіс жаста екенін айтқан Людмила әжей ер адамдар отырған жерде әйел адамның бата оқымайтынын, тек оған жол берілген кезде ғана рұқсат екенін тілге тиек етті.

Ақ жаулықты ана қыз балаға арналған батадан оқып берді, ер балаға берілетін батаны жатқа айтты. Людмила әжейдің айтуынша, қазақта күлкілі, әзіл баталар да болған, олар көбінесе нағашы мен жиен арасында, құрдастар арасында айтылады. Тіпті, Бауыржан Момышұлы берген баталарды да әжей көпшілік алдында оқып берді.

Людмила Байқадамова қазақтың мақал-мәтелін де жинап дәптерге түсіріп жүр. Оның бір хоббиі — асық жинау.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *