Маман тапшылығын сезінген Ақтөбе облысының мешіттері діни оқу орындарының түлектерін шақырады

Бөлісіңіз

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен болған кездесуінде облыстың бас имамы Төлеби Оспан діни маман тапшылығын айтқан, деп хабарлайды «Тілші».

Бас имам «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университеті мен «Ақтөбе медресесі» колледжінің биылғы түлектерінің арасынан 18 жас маман облыстағы мешіттерге жұмысқа шақыртылып отырғанын жеткізді.

«Осы арқылы діни маман тапшылығы шешіледі деген үміттеміз» деді Төлеби Оспан Бердібек Сапарбаевқа.

Бас имам 2016 жылы 16 діни маман Ақтөбе облысына қызметке тартылғанын жеткізді. Оның 12-і жоғары діни білімді және 4-і орта діни білім иелері. Оның ішінде 2 әйел теолог бар.

Айта кетсек, бүгінде еліміздегі 9 медреседе 1234 шәкірт тәлім алуда. 2016 жылы 221 адам медресені тәмамдады.

ҚМДБ мәліметтеріне сүйенсек, Бас мүфти бастамасымен санаулы мерзім ішінде медресе жұмыстарына елеулі реформалар жасалды. Атап айтқанда, оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Міндетті діни пәндерден бөлек, қазіргі заман талабына сай қоғамдық пәндер қосылды.

2016 жылы Сарыағаш, Шымкент, Алматы, Ақтөбе қалаларындағы медреселер колледж мәртебесіне көтерілді.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *