Ақтөбе облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген 35 борышкерге іздеу жарияланды

Ақтөбе облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген 35 борышкерге іздеу жарияланды

2015 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарын қабылдап, ондағы 27-қадам жеке сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту деп көрсетілген болатын.
Ақтөбе облысы жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасында бүгінде 62 жеке сот орындаушы бар, олардың ішінде облыстың аудан орталықтарында – 15 жеке сот орындаушы, ал облыс орталығында – 47.
Қазіргі таңда облыстағы барлық аудан орталықтары жеке сот орындаушылар қызметімен қамтылған.
2016 жылдың қаңтарынан бері мемлекеттен өндіру туралы орындау құжаттарды қоспағанда, Орындау өндірісі туралы заңда қарастырылған барлық орындау құжаттары жеке сот орындаушылары тарапынан орындауға қабылданады.
Сонымен қатар әлеуметтік жағынан маңызды санаттар бойынша орындау өндірістеріне айрықша көңіл бөлінген. Ал бұлар дегеніміз дәлірек айтқанда: мемлекет табысына жөргекақы (алимент), жалақы және әкімшіліктік айыппұлдарды өндіру туралы.
Алименттік төлемдер өндіру жөніндегі орындау өндірістері басымдыққа ие бағыттардың бірі болып табылады, олар 2016 жылдың 12 айы ішінде кәмелетке толмаған 4 мыңнан астам баланы бағып-қағуға 6 676 орындау құжатын құрады, солардың 13 орындау құжаты алиментші-әйелдерден өндіру бойынша жасалған. 2970 орындау өндірісі оқтын-оқтын орындауда жатыр.
Өздерінің кәмелет жасқа толмаған балаларын асырауға алимент төлемегені үшін 186 борышкерге қатысты үштен бес тәулікке дейінгі қамау түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тарту шаралары қабылданды. Алименттік төлемдер төлеу жөніндегі сот актілерін орындамағаны үшін, 21 борышкерге қатысты материалдар оларды ҚР ҚК 430 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуға қылмыстық іс жүргізу органдарына жөнелтілді. 1 борышкерге қатысты 1 жыл 6 айлық мерзімге шектеу қою түріндегі үкім шығарылды.
Еңбекақы және басқа да табыс көзін көрмейтін борышкерлер анықталды, олардың саны 591 адамды құрады. Олардың 293 борышкеріне қатысты әлгілерді жұмыссыз ретінде есепке тұрғызуға арналған арыз халықты жұмыспен қамту органдарына жіберілді.
Алимент төлеуден жалтарып жүрген 35 борышкерге іздеу жарияланды. Ондай борышкерлердің фотосуреттері ҚР жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы сайтына және Ақтөбе облысының қоғамдық көліктеріне орналастырылды.
Ақтөбе облыстық ІІД ӘПБ қызметкерлерімен, МСО және ЖСО-мен бірге мемлекет алдында берешегі, алименттік төлемдері бар борышкерлерді анықтауға арналған «БОРЫШКЕР» сияқты бірлескен акциялар тұрақты негізде жүргізіліп тұрады. Мәселен, акция қорытындысы бойынша бір айдың ішінде жеке сот орындаушылар мемлекет табысына қарызы бар 600-ден астам және алименттер бойынша 93 қарызгерді анықтады. Олардың ішінде 496 борышкер 6 085 949 теңгелік сомадағы борыштарын өтеді. Айыппұл тұрағына 10 автокөлік тоғытылды.
Сондай-ақ 275 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасы шегінен шығуға тыйым салынды және 94 борышкерге қатысты арнайы құқықтардан (көлік жүргізу құқығынан) айыру жөніндегі амал-шаралар қолданды.
2016 жылда алименттер бойынша борыш 37 431 486 теңгені құрады, олардың 9 644 900 теңгесі өтелді.
Халыққа қолайлы болуы үшін Ақтөбе облысының жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасында сенім телефоны қызмет етеді, онда 09:00-ден 18-00-ге дейін уақыт аралығында хабарласып орындау құжаттарының орындалуына қатысты мәселелер бойынша жүгінуге болады. Өңірлік палатаның Жетекшісі мен аппараты азаматтарды қабылдауды күнбе-күн жүзеге асырып жатыр. Ақтөбе облыстық Өңірлік палатаның орналасу мекен-жайы: Ақтөбе қ., Сәңкібай батыр даңғылы 1, 1-қабат, 108-кабинет.

Төлеуова Нұржәмиля Нұрлыбайқызы, Ақтөбе облысының жеке сот орындаушысы
фото: Kapital.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.