Қырғыздың жас әншісі Жұмабек Ақбаров Мәскеуде жеке концертін береді

Қырғыздың жас әншісі Жұмабек Ақбаров Мәскеуде жеке концертін береді

Соңғы уақытта Қырғызстан шоу-бизнесінің өкілдері Ресей астанасы Мәскеуді бетке ала бастады. Айырқалпақты ағайын алып шаһарда жиі концерт беретін болған, деп хабарлайды «Тілші».

Санаулы күнде Мәскеу қаласында Ош қаласынан шыққан Жұмабек Ақбаровтың ән кеші өтеді. Жас әнші өз елінде радиожүргізуші. Бірнеше клип түсіріп үлгерген. Әндері жергілікті радиостанцияларда хит-парадтардан түспейді.

Өткен күзде алғашқы концертін туған жері Ноқаат ауылында өткізіп, өнердегі ағаларының батасын алған болатын. Содан бері Қырғыз елінің бірнеше сахнасында өнер көрсетті. Бүгінде ол Мәскеуде өтетін концертіне дайындалып жатса керек.

Айта кетейік, 11 ақпан күні ди-джей әрі әнші Жұмабек Ақбаров Мәскеу қаласында диско-шоу концертін өткізбек. Кеш қонақтары Салтанат Тагаева, Самат Аманов, Дуйшен Узен, Мега Арген, Самат Уланбеков секілді қырғыз өнерпаздары. Жол шығындарын Айжигит Матраимов көтермек.

Өтетін жері: Речной вокзалы метросы, Клинская көшесі, 6. “Браво” рестоклубы. Билет бағасы: 300 рубль.
Басталу уақыты: 22:00 (Мәскеу уақыты)

Анықтама үшін:
+7968 768 29 94
+7926 685 98 58
+996558 00 60 20

Дискотека сағат 05:00-ге дейін болады

Ақпараттық қолдаушылар:
NOOKAT.ORG
“ЭлFM” радиосу
Tilshi.kz
Soonun.net

Марат Төлепберген, «Тілші»

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.