Жалпы есепте көш бастаған Димаш Құдайберген «Мен әншімін» байқауының келесі кезеңіне жолдама алды

Жалпы есепте көш бастаған Димаш Құдайберген «Мен әншімін» байқауының келесі кезеңіне жолдама алды

Жалпы есепте көш бастаған Димаш Құдайберген «Мен әншімін» байқауының келесі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды тілші әншінің менеджері Алпамыс Шаримовке сілтеме жасап.

«Димаш келесі кезеңге жолдама алды. Жалпы есепте 1 орын» деп жазады ол.

Сонымен, Алпамыс Шаримовтың хабарлауынша, 3-ші байқау күнінің қорытындысы:

Майкл Вонг (46 жас. Малайзия) — 2-ші байқау күні бойынша жарыстан тыс қалды.
Тиа Рэй (32 жас. Қытай) — 8 орын. Жалпы есеп бойынша байқаудан тыс қалды.
Тереза Карпио (61 жас. Канада) — 7 орын. Жалпы есепте: 7 орын.
Чжао Ли (31 жас. Қытай) ЖАҢА ӘНШІ — 2 орын. Жалпы есепте 6 орын.
Чжан Цзе (35 жас. Қытай) ЖАҢА ӘНШІ — 4 орын. Жалпы есепте: 5 орын.
Сэнди Лэм (51 жас. Гонконг) — 6 орын. Жалпы есепте: 4 орын.
Тан Цзин (40 жас. Қытай) — 1 орын. Жалпы есепте: 2 орын.
«Lion» тобы (Тайвань) — 5 орын. Жалпы есепте 3 орын.
Димаш Құдайберген (22 жас. Қазақстан) — 3 орын. Жалпы есепте: 1 орын.
Келесі аптада 7 әнші өнер көрсетеді. 1 әнші байқаудан тыс қалады.

 

  1. венера 04.02.2017, 22:59

    Димаш молодец.

    Reply
  2. Рауан Тұрғантай 04.02.2017, 23:00

    Димаштың әніне кезінде Ринат бастаған сыншысымақтар пікір айтып еді, сол кезде менің көз алдыма Крыловтың «Есек пен бұлбұл» мысалындағы есектің бұлбұлға айтқан пікірі келген еді. Сол Димаш Қанаттың Димашынан қазақтың Димашына, тіпті әлемнің Димашына айналды. Феномен!
    КРЫЛОВ. «ЕСЕК ПЕН БҰЛБҰЛ»
    ТОЙҒАН ЕСЕК ШӨПТІ ОТТАП МАҢАЙДАҒЫ
    СОНЫРҚАП ШАТҚА КЕТТІ ҚАЙ-ҚАЙДАҒЫ.
    ТЕНТІРЕП ӨЛКЕНІ ӨРЛЕП КЕЛЕ ЖАТЫП,
    ЖОЛЫҚТЫ БІР БҰЛБҰЛҒА ТОҒАЙДАҒЫ.
    СЕНБІСІҢ АҚЫН БҰЛБҰЛ, ЖАҢА КӨРДІМ,
    АТЫҢА ЖҰРТ МАҚТАҒАН ҚҰМАР ЕДІМ.
    БІР САЙРАП БЕРСЕҢ, ҚАЛҚАМ, ӨЗІМ ЕСТІП,
    РАС ПА ЕКЕН, ЖҰРТТЫҢ СӨЗІ, СЫНАР ЕДІМ.
    ӨНЕРГЕ САЛДЫ БҰЛБҰЛ СОНДА АҢЫРАТЫП,
    ШЫҢҒЫРТЫП, ШЫМЫРЛАТЫП, СОРҒАЛАТЫП,
    МЫҢ ТҮРЛІ КҮЙГЕ САЛЫП ТОЛҚЫНТАДЫ,
    МАҢАЙДА ЖАН БІТКЕНДІ ТАҢЫРҚАТЫП.
    ҚОЙ ЖАТЫР, ҚОЙШЫ ТЫҢДАП ТҰРДЫ ЕЛБІРЕП,
    КӨЗІНЕ ҚЫП-ҚЫЗЫЛ БОП ЖАС МӨЛДІРЕП.
    ЖЕЛ СОҚПАЙ, ҚҰС ШУЛАМААЙ, БӘРІ ЖЫМ-ЖЫРТ,
    ӘНГЕ КӨҢІЛ ЖІБЕРІП ТҰРДЫ ЕЛЖІРЕП.
    БҰЛБҰЛ БОЛДЫ, ТОСЫП ТҰР ЕСЕК СӨЗІН,
    ЕСЕК ЖЕРГЕ ҚАРАТЫП ЕКІ КӨЗІН:
    «ІШ ПЫСПАЙ-АҚ ТЫҢДАРЛЫҚ БАР ЕКЕНСІҢ,
    ӘТТЕГЕН-АЙ БІЛМЕПСІҢ ӘТЕШТІ ӨЗІҢ!
    ЕКЕНСІҢ ӘН САЛУҒА СЕН-ДАҒЫ ЕПТІ,
    СЕН БІРАЗ ӘТЕШ ӘНІН ҮЙРЕН»»- ДЕПТІ.
    БҰЛ СЫҚЫЛДЫ СЫНШЫНЫҢ СӨЗІН ЕСТІП,
    КӨЗ КӨРМЕСКЕ БҰЛБҰЛ ДА ҰШЫП КЕТТІ.
    ДЕМЕЙМІН ЖҰРТ МАҚТАСЫН,
    Я ЖАҚСЫН, Я ЖАҚПАСЫН.
    СҮЙТСЕ ДЕ МҰНДАЙ СЫНШЫДАН
    ҚҰДАЙЫМ БІЗДІ САҚТАСЫН

    Reply

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.