Жем түрмесінде болған діндарлар студенттерге сотталғандардың жанайқайын жеткізді

Бөлісіңіз

Санаулы күн бұрын Жем түрмесінде жұмыс бабымен болған «Аңсар» орталығының жетекшісі Жандәулет Сүлейменов ол жақта жазасын өтеп жатқандардың жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды «Тілші».

Қ.Жұбанов атындағы университетте өткен кездесуде Жандәулет Сүлейменов студент жастарға сотталған жігіттердің аманатын жолдады.

«Бесінші маусымдағы жағдай бар, оған дейінгі, одан кейінгі оқиғалар кезінде ұсталғандардың дені өздеріңіз сияқты жастар. Қазірде сол замандастарыңыз, сол құрдастарыңыз түзету мекемесінде, саңылауы кішкентай, тар жерде, төрт қабырғанын ішінде көздері бозарып отыр. Кезінде ата-аналарына қолғабыс болғысы келген болар, әке-шешемді бағамын деп армандаған шығар, адал еңбекпен нанымды табамын деп мақсат қойған шығар, алайда улы бір дерттің кесірінен ойлары түбегейлі өзгеріп, теріс идеологияның арбауында кетті, кейбірі тоғытылып жатыр», — деді жастармен болған кездесуінде Жандәулет Сүлейменов.

«Аңсар» орталығы жетекшісі екі күн бұрын қатал режимдегі Жем түрмесінде сотталғандармен кездесіп, сөйлескенін, әрі  солардың рұқсатымен, келісімімен аманат арқалап қайтқанын да жасырмады.

«Түрмеде жазасын өтеп жатқан жігіттер өздері келісім беріп, аманаттарын жеткізді. Біздің жанайқайымызды жастарға жеткізіңдерші деп қалды. Шоқ баспасын, ұрынып қалмасын дейді. Бостандықта жүрген жастарға жаны ашып, ескерту керектігін жеткізді», — дейді орталық жетекшісі.

Жандәулет Сүлейменовтің айтуынша, бүгінгі студенттерде жағдай жасалған.

«Сіздердің саналарыңыз таза, саф, лайланбаған. Құрметті жастар, сіздер ақылы не ақысыз негізде оқып  жүрсіздер. Сіздерге ата-аналарыңыз пәтер жалдап береді. Болмаса, жатақханада тұрасыздар. Тамақтарыңыз тоқ, көйлектеріңіз көк. Жақсы заманда өмір сүріп жатсыздар. Көлденең келген көк аттыға еріп кетпеңіздер, — дейді ол.

«Аңсар» орталығының жетекшісі әлеуметтік желілерде де сақ болу керектігін ескертті. Оның пайымынша, смартфондарды жақсы мақсаттарда да қолдануға болады, тек күмәнді ағымдарға еріп кетпеу керек.

Марат Төлепберген, «Тілші»

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *