Сарыағашта 6 жасар қыздың зорланғаны туралы деректі ҚР Бас прокуратурасы өз бақылауына алды

Бөлісіңіз

 

 

Осыдан бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде ОҚО Сарыағаш ауданында 6 жасар қыздың зорланғандығы туралы ақпарат тараған болатын. Қазір бұл факт ОҚО ІІД басшылығымен және ҚР Бас прокуратурасымен қатаң бақылауға алынған деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияға арызды сәбидің анасы маусымның 5 күні жазған. Дереу қылмыстық іс қозғалып, сол күні жәбірленген қызға тексеру жүргізіліп, сараптама оның зорланбағанын анықтапты.

Ал, аталған дерек әлеуметтік желілерде жаппай талқылана бастағандықтан оған ҚР Бас прокуратурасының өзі араласып, істі қатаң бақылауға алғандықтарын мәлімдеді.

Қазіргі таңда 6 жасар қыз Астанада қайта медициналық тексеруден өткендігі мәлім болып отыр. Оның нәтижесі алдағы аптада белгілі болады.

baq.kz

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *