Құрылғанына бір жыл толған «Ақтөбе ақпарат» орталығында қала басшысы Ілияс Испановтан басқасының барлығы есеп берді

Бөлісіңіз

«Ақтөбе ақпарат» орталығының құрылғанына бүгін тура бір жыл толды, деп хабарлайды «Тілші». Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен құрылған медиа алаңда былтыр дәл осы күні алғашқы брифинг өткізілген болатын.

Содан бері 200-ге  тарта кездесу ұйымдастырылған. Аптаның сейсенбі күндері облыстағы 12 ауданның басшылары есеп берді. Сонымен бірге, БАҚ өкілдерінің сауалдарына «Ақтөбе ақпарат» орталығында басқарма басшылары мен облыс әкімінің барлық орынбасары жауап іздеді.

Әр кездесу өткен сайын жергілікті және республикалық ақпарат құралдарында ондаған материал жарияланып отырады.

«Осы күнге дейін 180 брифинг ұйымдастырылған екен. 4000-ға тарта материал жарық көрді. «Ақтөбе ақпарат» орталығына келген спикерлердің қатарында жергілікті басқарма басшылары мен аудан әкімдерінен бөлек үкімет мүшелері де болды. Ұлттық Банк төрағасы, ұлттық компания басшылары да ақтөбелік БАҚ өкілдері алдына шықты», — дейді орталықтың модераторы Шыңғыс Ілиясов «Тілшіге».

Оның айтуынша, кейбір спикерлер көтерген мәселенің қызықсыз болғаны сол, бірді-екілі журналист қатысқан.

«Есесіне, автомобиль жолдарына қатысты отырыстарға қала тұрғындары мен блогерлер де қатысты. Тіпті, видеооператорлар мен фотографтарға дейін құзырлы мекеме басшыларын сұрақтың астына алды», — дейді орталық қызметкері Мая Ибраева.

Айта кетейік, бірқатар шенеуніктер журналистер алдына келмес бұрын алдын-ала таныстар іздеп, артық сұрақ қоймауларын өтінген кездер де болды.

«Ақтөбе ақпарат» орталығында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та кездесу өткізді. Орталықтың мұрындық болуымен облыс басшысы журналистермен ашық аспан астында да кездесулер өткізді. Есесіне, қала басшысы Ілияс Испанов осы күнге дейін медиа алаңда төбе көрсетпеді. Орталықтан хабарлағандай, қала әкімі Ілияс Испановпен биыл міндетті түрде брифинг өтеді.

Тағы бір жайт, күні кешеден бері «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен шаралар инстаграмның тікелей эфирі арқылы көрсетіле бастады. Әлеуметтік желі арқылы қолданушылар спикерлерге сауалдар қоя алады.

«Тілші» интернет-газеті «Ақтөбе ақпарат» орталығының ұжымын бүгінгі мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейді.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: kapital.kz

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

One thought on “Құрылғанына бір жыл толған «Ақтөбе ақпарат» орталығында қала басшысы Ілияс Испановтан басқасының барлығы есеп берді

  1. Будут ли в инфоцентре перед СМИ выступать с докладом об итогах года руководители Актюбинского ДВД, КНБ, антикоррупционной службы, а также аким области и аким города?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *