Ақтөбелік оқушыларды жасөспірімдерге арналған басылымдардың аздығы алаңдатады

Бөлісіңіз

Ақтөбелік оқушылар «Қазпошта» каталогына зерттеу жүргізіп, ондағы балалар мен жасөспірімдерге арналған басылымдардың аздығына қынжылыс танытты, деп хабарлайды «Тілші».

«Қазпошта» каталогына енген балалар мен жаспірімдерге арналған 114 басылымның тек 29-ы ғана қазақ тілінде», — дейді оқушылар.

№40 орта мектептің оқушыларын сонымен бірге, құрдастарының қандай телехабарларды көретіні қызықтырған.

Жасөспірімдер жағы көбіне “Жайдарман”, “Түнгі студия”, “Айтуға оңай” хабарларын қалт жібермеуге тырысады.

«Қандай газет- журналдарды оқисыз?» деген сауалға оқушылар «Жас өркен”, “Мөлдір бұлақ”, “Ақжелкен” журналдарын атаған.

Сонымен бірге, сауалнама қорытындысына сәйкес, 1-4 сынып оқушыларының дені әлеуметтік желілерден аса хабары болмаса, 5-11 сынып оқушылары, керісінше, желілерге көп жүгінетіндіктерін жасырмаған.

 

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *