Ақтөбе облысындағы атышулы Шұбарқұдық мешітіне ұры түсті

Бөлісіңіз

Темір ауданының Шұбарқұдық кентіндегі «Досжан Ишан» мешітіне ұры түсті, деп хабарлайды «Тілші». Бұл жөнінде аталған мешіттің имамы Мадияр Пірімқұлов телефон арқылы ішінара растап берді.

«Тәртіп сақшыларына хабар бердік. Әзірге, ешкім ұсталмады. Сіз бұны газетке жариялайсыз ба? Мен алдымен басшылықпен ақылдасып алайын», — деді «Тілшіге» «Досжан Ишан» мешітінің имамы.

Белгілі болғандай, мешітке ұры бүгін түнде түскен. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, кім болса да халықтан жиналған садақаға тиіспепті. Тек ноутбук қолы болған.

Айта кетейік, осы сағаттарда Темір ауданының әкімі Асқар Жүсібәлиев облыс басшысы Бердібек Сапарбаев пен тұрғындар алдында есеп беріп жатыр.

Марат Төлепберген, «Тілші»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

2 thoughts on “Ақтөбе облысындағы атышулы Шұбарқұдық мешітіне ұры түсті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *