Моңғолиядан келген қазақ жігіті тәртіп сақшыларына көмектесемін деп басы бәлеге қалды

Бөлісіңіз

Ақтөбе облысының тұрғыны көлігімен көрші ауылдағы туыстарынан шығып, өз ауылына келе жатады. Кенет жол шетінде тұрған адамдарды көріп, не де болса көліктері тұрып қалды деген оймен қастарына барып тоқтайды. Алайда, жағдайдың қалай өршігенін сезбесе керек. Бүгінде ол сот үкімімен бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Тілші».

Күйеуі үшін шыр-пыр болған келіншегімен Ақтөбедегі «бесінші» түрме маңында кездестік. Пакетінде отағасына деп әкелген ас-суы бар екен. Ішке өткізу үшін де кезек күту керектігін айтқан ол бізге бір бума қағазын, сотта айтылған сөздері жазылған флешкасын алып шықты.
«Мен ауылдан келдім. Балаларымды тастап, әділдік іздеп бармаған жерім жоқ. Сот үкімі шықты. Күйеуім сотталып кетті. Бірақ, апелляциялық шағым түсірдік. Не боларын бір құдайдың өзі көрсетер», — деп терең күрсінген Айжан Аймағанбетова бар жайтты қысқаша баяндап берді.
Өткен жылдың қазан айында жолдасы Ержан Асан түс қайта Ырғыз ауданы аумағында Құмтоғай — Қарақұдық ауылдары арасында көлігімен келе жатады.
«Жол шетінде көлік тоқтап тұрады. Қасына жақындап барып, тоқтайды да, олардың неге тұрғандарын, қажет болса көмек көрсетуге әзір екенін жеткізген. Сөйтсе, жол бойында тұрғандар тәртіп сақшылары. Ұрттап алыпсың деп жолдасыма тиісе кетеді. Елсіз жерде жеке автокөліктерімен жүрген екеудің полиция қызметкері екеніне күдіктенген Ержан қызметтік куәліктерін сұрайды», — дейді Айжан.
Алайда, екеуі де құжаттарын көрсетуге асықпаған сыңайлы. Күдіктенген Ержан Асан көлігіне отырып, орнынан қозғала бергенде, жол шетінде тұрған жігіттердің бірі капотқа мініп алса керек.
«Ержанды ол көліктен күштеп шығармақ болады. Терезені сындырады. Салонда екі жастағы баламыз бар еді. Айқай шуды көріп, зәресі ұшып жылайды. Сонда күйеуім дереу баланы құшақтап алады. Көлік өздігімен қозғалып кете береді. Осылайша авто орнынан қозғалып барып, жолдан түсіп барып тоқтаған», — дейді келіншек.
Сотталушы тараптың айтуынша, екі тәртіп сақшысы да оқиға орнында куәліктерін көрсеткендері туралы дәлелдей алмапты. «Егер құжаттарын көрсете қойғанда мұндай келеңсіз жағдай болмас па еді» дейді еңсесі түскен келіншек.
Сот материалдарына сүйенсек, Сарин мен Төлебаев есімді тәртіп сақшылары жұмыс бабымен бір ауылға барған. Алайда ұялы байланыс болмаған соң, жол жаққа келіп, полиция бөлімімен хабарласқан. Бір кезде қастарына Опель Омега көлігі келіп тоқтайды. Жүргізушісі ұрттап алғанға ұқсайды.
«Полиция қызметкерлері Ержан Асанның спирттік ішімдік ішкен мас күйінде автокөлік басқарып келе жатқанын байқап, құжаттарын сұраған. Ержан құжаттарының автокөлік ішінде екенін айтып, көлігіне отырып, оталдыра бастайды. Полиция қызметкерлерінің «көліктен түс» дегеніне қарамастан, жүріп кетеді. Тәртіп сақшысы Төлебаев машинаның алдыңғы капотына жармасып тоқтатуға тырысқанына қарамастан, жүргізуші көлікті тоқтатпаған», — делінген сот материалында.
Іс құжаттарына сүйенсек, көлік жолдың жиегіне жылжи берген. Полицей жігіт жүргішуші жағындағы терезені шынтағымен сындырып, көлікті тоқтатып алған, осылайша, Ержан Асан билік өкіліне қатысты күш қолданды деген айыпталады.
Ержан Асанның өзі сотта айыбын ішінара мойындайды. Туыстарының үйін жағалап жүріп, қайтарда тентек судан кішкене ұрттағанын да айтқан. Қасында екі жастағы қызы болған.
«Көлігіммен кетіп бара жатып, жол жиегінде тұрған адамдардың қасына тоқтағаным рас. Бар ойым, көмек керек болса, қол ұшын созып жіберейін дегем. Көліктері бұзылып тұр деп ойладым», — деген сотта Ержан Асан.
Бүгінде оның қорғаушылары сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді.

Ержан Асан Моңғолиядан көшіп келген, бүгінде бес баласы бар.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

10 thoughts on “Моңғолиядан келген қазақ жігіті тәртіп сақшыларына көмектесемін деп басы бәлеге қалды

  1. Ержан ағаны жақсы танимын. Қазақтың «Қой аузынан шөп алмас» деген мақалы осы Ержан ағаға тауып айтылғандай. Ержан ағаның теріс қылықтарын, тіпті біреуге жекіп ұрсқанын көрмеген екенмін. Бұл басына түскен қиыншылықта Алланың бір жіберген сынағы шығар. Еліміздің заңына сенемін. Әділдік орынап Ержан аға босап шығар. Мына мақаланың соңында Ержан ағаның 5 баласы бар деп қате көрсетілген екен. Нгеізінен Ержан ағаның 7 баласы бар. Туған екі баласы бар және қайтыс болған ағасының 5 баласын қамқорлығына алған. Сонымен қоса мүгедек әкесі, артынан ерген үш інісі мен студен қарындасына қамқор. Бес баламен жесір қалған жеңгесінің сүйенеріде осы Ержан аға еді. Қысқаша айтқанда Ержан аға шағын бір ауыл болатын 15 жанға қамқор пана болып отырған жан еді. Ағасынан қалған аманат 5 жетімді жылатпаймын деп жүргенде, әділетсіздіктің құрбаны болып, өзінің екі баласы тірі жетім болып отыр. Қазақ «Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған» елміз. Сондықтанда Жоғарыдағы шеңді заңгерлерден осынша жанға қамқор болып отырған Ержанағаның ісін қолға алып көмек көрсетуін ЕЛ БОЛЫП сұраймыз.

  2. Биздин елде ақшаң жоқ болса , осы… қашан козимиз ашылып , адам болар екенбиз?

  3. БҰЛ НАҒЫЗ БАСЫНҒАНДЫҚ ҚОЙ! ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ШЕТІНЕН АШКӨЗ, АЛҚАШ, ПАРАҚОР ЕКЕНДІГІН КІМ БІЛМЕЙДІ? ҚАЙРАН ЕСІЛ АҢҚЫЛДАҒАН АҚКӨҢІЛ ҚАЗАҒЫМ-АЙ, ІСІ АҚТЫҢ ҚҰДАЙЫ ЖАҚ ДЕЙДІ АҚТАЛЫП ШЫҒУЫҢА СЕНІМДІМІЗ. МОНГОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫ ЕШКІМНІҢ АЛА ЖІБІН АТТАМАЙТЫН ҺӘМ КӨҢІЛДІ ҚАЗАҚТАРМЫЗ ЖАЗЫҚСЫЗ АДАМҒА ЖАЛА ЖАПҚАНДАРЫҢДЫ ТОҚТАТЫҢДАР. КЕРІСІНШЕ ӘЛГІ 2 ПОЛИЦИЯ СЫМАҚТАР МАС ЖҮРМЕСІНЕ КІМ КЕПІЛ? ҚОРЫҚҚАН БҰРЫН ЖҰДЫРЫҚТАЙДЫ ДЕГЕН СӨЗ БАР! ӘДІЛДІК ҚАЙДА? АТАМЕКЕНІМІЗ БОЛҒАН ҚАЗАҚСТАН БІЗДІ ОСЫЛА ҚАРСЫ АЛА МА?

  4. Бұл жерде манғолиядан келгендігінде ештеңе жоқ. бұл жерде қазақ бауырымыздың тағдыры, артында қалған 7 қазақ баласының болашағы сөз болып отыр ағайын! Оқиғаның қалай болғаны бір аллаға ғана аян. Дегенменде адам өліп, бас жарылған жоқ. Қарапайым халықтың арасынана қылмыскер жасаған ша, еліміздің тыныштығын қашырып, айдың күні аманында халыққа қару кезеніп жүрген жанкештілерід, халықтың қалтасынан салыққа түскен қаржыны жымқырып шетел асып кетіп жатқан жемқор, пара қор ағаларымызды неге құрықтамайды екен осы тәртіп сақшылары. Осы екі тәртіп сақшысы ертең Ержан баурымыздың артында қалған 7 баланың бір үзім нанады қалай тауып жейтінін ойладыма екен. Осылай бәле жауып, «қылмыскерді» ұстадық деп ШЕНДЕРІН өсіргенде үйінде өздерінің балалары болса олардың тамағынан қалай ас өтер екен. оЙЛАНАЙЫҚ АҒАЙЫ…………………..

    1. Бұл қоғамның ауыруына айналып барады. Полиция (көпке топырақ шашпаймын) қызметкерлері өздерінің ойлаған ойын жүзеге асыру мақсатында түрлі айла тәсілге барады. Егер сен қарапайым заң білмейтін адам болсаң онда олар сені қорқытып-үркітіп әлекке салуға дайын тұрады. Мына оқиғадағы екі полиция қызметкерінің қоғам алдында жауапкершілігі жұрдай болып отыр. Себебі айдалада қорғансыз адамды пайдаланып аса ауыр айып тағып тұр. Адамның құқығын қорғаудың орынына өздерінің қызметін асыра пайдаланып, жасанды қылмыс жасатып отыр. Осындай әділетсіздікті көргенде ішің ашиды. Қоғамда адамдармен жақындастырып, адамдыққа, адалдыққа, сенімділікке, силастыққа, имандылыққа барғың келеді. Алайда осындай мемлекеттік қызметте жүген, құқық қорғау органының қызметкерлерінің істеп отырғаны осы болса, басқадан не сұраймыз. Соттың үкімі шықты деген сөз адамның тағдыры шешілді деген емес пе. Бұл сотталып отырған адам қандай болса да біреудің жары, біреудің әкесі, біреудің баласы, біреуге аға-іні, біреуге дос — туыс қой. Бұндай әділетсіздікті көргенде адамдардың заңға қоғамға сенімсіздігі азаяды ғой. Алдағы апелляциялық шағымыңыз сот тарапынан оң шешімін тауып, әділеттік орнайды деп ойлаймыз Айжан қарындасым. Әуелі алла, одан кейін сенетініміз сот.

  5. Менин жолдасым кинали емес,кинали болса мен булай шыр-пыр болып, ашынбас едим. Казакстанда ешкандай адилеттик жок,адилеттик издеген адам неге болса да барады. Халык озин-ози ортемей не истиди,шындык издеп ашынган адамды тындайтын бирде бир басшы жок. Казирги заманда полицилер адам болып тур,карапайым халык адам емес. Мен осыган ашынамын. Жети баланы тири жетим кылды

  6. Асанұлы Ержанды өте жақын менен артық танитын адам жоқ шығар .Ол өте момын қоғамда өзің жақсы ұстай біледі Оған негіз осы уақытқа дейін қара жұмыс жасап жанұяның əкесін бағып келді жəне оның достары өте көп еді.оны еш негізсіз үстінен қылмыс қозғауы дұрыс емес еш негізсіз мен келіспеймін

  7. Ассалаумағалейкум. Қазақ елі біздің елде қашан əділдік орнайды екен.
    Əділдікке қол жеткізуіңізге
    Тілектеспін!

  8. кудайдан корыкпаганнан корык,-дейди казак.бул жерде зардап шегушиден баскалары-бари де кудайдан корыкпайтындар екен!тап осы жети баланы жылатканнан кандай экстаз?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *