Мұнай бағасы келесі жылы 100 долларға көтерілуі әбден мүмкін — сарапшы

Бөлісіңіз
Қазақстанның әлемдік дағдарысты басқа елдерге қарағанда ертерек еңсеруге әлеуеті жетеді. Бұл туралы «Қазақстан мен ТМД елдерінің қаржы нарығының даму үрдістері және болжамдар» атты баспасөз брифингі барысында халықаралық «Альпари» қаржы компаниясы Қазақстан мен ТМД елдеріндегі сараптама департаментінің директоры Александр Разуваев мәлімдеді.«Мұнай бағасы арзандап жатқанына қарамастан Қазақстанда экономикалық даму қарқыны жақсы көрсеткіштерге ие. Қазақстанның әлеуеті жоғары. Оның үстіне, мұнай бағасы алдағы — 2016 жылы 100 долларға көтерілуі әбден мүмкін. Қазақстанның халықаралық резервтері жақсы сақталған. Оны қаржылық «қауіпсіздік жастығы» деуге болады. Ол бекерге шығындалып жатқан жоқ. Яғни, төтенше жағдайдарға қаражат жетеді деген сөз. Бұл болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Демек, Қазақстанның әлемдік дағдарысты басқа елдерге қарағанда ертерек еңсеруге әлеуеті жетеді», — деді А. Разуваев.

inform.kz

фото: neftegaz.ru

 

Ұқсас жаңалықтар

One thought on “Мұнай бағасы келесі жылы 100 долларға көтерілуі әбден мүмкін — сарапшы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *