Ақтөбе облысының жалпы инфрақұрылымын дамытуға 48,3 млрд теңге қаражат бөлінді

Бөлісіңіз

Биыл Ақтөбе облысының жалпы инфрақұрылымына 48,3 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығына — 8,0 млрд теңге, құрылыс жұмыстарына — 33,5 млрд теңге және жол саласына — 8.3 млрд теңге қаражат бөлінді, деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат».
Өткен жылы барлық аудан орталығы көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Жалпы аймақты газдандыруға 1 млрд 101 млн теңге бөлінді. Биыл 5 ауданға көгілдір отын жеткізілмек. Олар Қарғалы ауданының — Жосалы, Кемпірсай ауылдары, Шалқар ауданының — Байқадам, Шетырғыз және Мәртөк ауданының Казанка ауылдары.
Биыл өңірдің 31 ауыл ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 5 млрд 82 млн қаражат берілді. Жалпы алғанда облыс тұрғындарын сумен қамту көрсеткіші 92,6 пайыз.
2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облыстың су, жылу, су құбырларының қайта жаңғырту мен құрлысына 3,96 млрд. теңге қаражат бөлінді. Осы бағыт аясында 13 жоба іске асырылды.
Жылумен қамту бойынша да бірқатар жобалар қаржыландырылмақ. 2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан жылумен қамтамасыз ету нысандарын қайта жаңарту бойынша 13 жобаны жүзеге асыруға 3,7 млрд. теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде Ақтөбе қаласының қазандықтары және жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 12 жоба, 1 жоба – Қарғалы ауданы Бадамша селосының жылу желілерін қайта жаңарту болып табылады, жоба ауыспалы. Ал, 12 жоба бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды.11 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 42,6 млн.теңге бөлінді.
Құрылыс бойынша биыл білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларындағы 59 жобаны әзірлеуге жергілікті бюджеттен 387,0 млн.теңге көлемінде қаражаттар бөлінді.Сондай-ақ тұрғын үй бойынша ҚР Премьер-Министрі және Ақтөбе облысы әкімі арасында жасалған меморандумға сәйкес барлық қаржыландыру көздері есебінен 2017 жылы тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспары 500,0 мың шаршы метрді құрайды. Ал инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын дамытуға (35 жоба) 2017 жылы 7,1 млрд.теңге көлемінде қаражаттар бөлу қарастырылған. Жылдың қорытындысы бойынша 270,4 шақырым электр қуатымен, газбен және сумен қамтамасыз ету желілерін пайдалануға беру көзделіп отыр.
Бүгінгі күні Ақтөбе облысының облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 5090,1 шақырым. Атап өткендей биыл облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары құрылысына және жөндеуге 8,3 млрд. теңге қарастырылған, оған 254,7 шақырым жол жөндеу көзделген. Соның ішінде «Ақтөбе-Орск» а/ж 0-8 шақырым учаскесінің 7 шақырымын жөндеуге 950,0 млн. теңге қарастырылып, құрылысты 2018 жылы толықтай аяқтау жоспарланған.
Сонымен бірге, ағымдағы жылы келесідей нысандарды іске асыру жоспарлануда. Олар — 35,3 млн.теңгеге «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» автомобиль жолындағы 9 су өткізгіш құбырларын күрделі жөндеу. 220,0 млн. теңгеге «Ақтөбе қаласы АФЗ ауданындағы жол өтпесінің құрылысы» (уақытша айналма жол, инженерлік желілерді ауыстыруға және көшіруге).
2017 жылы облыстық маңызы бар а/ж күтіп ұстауға және ағымдағы жөндеуге 741,1 млн. теңге бөлінген.
— Біз ақтөбеліктерге қажетті барлық жағдайды жасауымыз керек. Баспанамен, бала-бақшамаен, мектептермен, сапалы жолдармен қамтамасыз етуіміз қажет. Біздің мақсатымыз «Нұрлы жер» бойынша Елбасының тапсырмасына қазіргі заманның талабына сай тұрғын үйлерді, шағын ауылдарды салуымыз қажет. Өткен жылы 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үй берілсе, биыл бұл көрсеткіш 650 мың шаршы метрге жетуі тиіс. Сондай-ақ облыс бойынша 21 білім беру нысандарын салатын боламыз. Негізінен әлеуметтік нысандардың жобалық үлгілері бір болу қажет. Оны дайындау үшін көп уақыт кетеді. Сондықтан барлық нысандардың жобалық үлгісі бір болған кезде, жоба тез жүсеге асады, – деді Б.Сапарбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *