Тілші тәжірибесінен. Жанна Байтеловадан 5 лайфхак

Тілші тәжірибесінен. Жанна Байтеловадан 5 лайфхак

1. Телефоныңызға немесе қойын дәптеріңізге міндетті түрде соттың баспасөз қызметінің немесе БАҚ-пен байланыс жөніндегі үйлестірушісінің телефон нөмірін жазып қойыңыз. Соттардың телефон нөмірлері мен электронды пошталары ведомстсвоның сайтында бар. Мұндай байланыс нөмірлері сізге кез келген уақытта керек болып қалады.

 
2. Егер сот отырысында процеске қатысушылардың аты-жөндерін дұрыс естімей қалсаңыз, сот отырысы хатшысынан немесе баспасөз қызметкерінен қайта сұрап алыңыз. Бұл да маңызды.

 
3. Егер сот отырысы өтетін залдан сізді негізсіз шығарып жіберсе, сабыр сақтаңыз. Сот төрағасының атына шағымданыңыз. Егер, істі сот төрағасының өзі қарайтын болса, онда жоғары тұрған сотқа шағымданыңыз. Жабық сот отырысы ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 19-шы бабы мен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 29-шы бабында көрсетілген. Шағымыңызда процессуалды заң талаптарына сілтеме көрсетіңіз.

 
4. Сіз сонымен бірге судьялардың әрекетіне де шағымдана аласыз. Сот этикасы кодексі талаптары бұзылса да Сот этикасы жөніндегі комиссияға шағымдануға мүмкіндік бар.

 
5. Егер сот отырысына кіре алмасаңыз ҚР Жоғарғы соттың call-орталығына 1401 нөмірі арқылы және +7(7172) 710 000 нөмірі арқылы хабарласыңыз. Байланыс тегін. Болмаса, «Сот репортерлері гильдиясы» қоғамдық бірлестігіне +7 (727) 317 08 03 телефон нөмірі арқылы хабарласыңыз. Біздің электронды поштамыз: guild.kz@gmail.com

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.