Ақтөбеде өсіп келе жатқан жас дарынды Бердібек Сапарбаев Димаш Құдайбергенге теңеді

Ақтөбеде өсіп келе жатқан жас дарынды Бердібек Сапарбаев Димаш Құдайбергенге теңеді

Ақтөбедегі №1 музыка мектебінде тәлім алып жатқан Рахман Сәтиевтің орындауындағы Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін облыс басшысы тапжылмай тыңдады, деп хабарлайды «Тілші».

«Мынадай талант иесін қолдау керек. Көзі жанып тұрған бала екен. Ертең облыстың, елдің намысын қорғайды. Біздің Димаштарды қараңдаршы, әнді қалай айтады?!», — деді әкім музыка мектебіне бас сұққанда.

Болашақта Рахманға билік тарапынан қолдау болатынын жеткізді.

«Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қанат Айтбаевқа тапсырма беремін. Баланы қамқорлыққа алсын деп айтамын. Мұндай балалар көп емес. Оларды жарыққа шығаруымыз керек. Спорттан, өнерден талантты балаларды көрсете білуіміз керек. Ертең олар облысқа, елге үлкен абырой, бедел әкеледі», — деді Сапарбаев.

Рахман Сатиев осыған дейін Bala Turkvizyon Kazakhstan 2015 байқауына қатысты.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.