Астана мен Алматы қалалары ХҚКО-ларының жүктемелерін енді Азаматтарға арналған үкімет сайтынан көруге болады — TILSHI.KZ

Астана мен Алматы қалалары ХҚКО-ларының жүктемелерін енді Азаматтарға арналған үкімет сайтынан көруге болады

Бөлісіңіз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астана мен Алматы қалалары ХҚКО-ларының жүктемелерін бақылау мүмкіндігін жүзеге асырды. Реттеу залы, құжаттандыру және банк кассалары қызметтерінің жүктеме деңгейін көрсететін динамикаға сілтеме мемлекеттік корпорацияның goscorp.kz ресми сайтының басты парағында орналастырылған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ мемлекеттік қызметтер әдіснамасы және мониторингі департаментінің директоры Гүлжан Асанованың айтуынша аталған сервис азаматтарға қолайлы болу үшін құрылған және олардың ХҚКО-ға баруын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. «Осы диаграмма бойынша адам мейлінше тез қызмет алу үшін қай ХҚКО-ға бару керектігіне баға бере алады. Яғни, егер оған көші-қон саласы бойынша қызмет керек болмаса, уақытша тіркеу қызметі бойынша қызмет алушылар ағыны көп ХҚКО-ға бару қажет емес, ол келушілер саны аз кез келген басқа Орталыққа жүгіне алады» — деп қосты.
Сонымен қатар, Гүлжан Асанова әзірге тек Астана және Алматы қалаларындағы ХҚКО-ларда жүктемені көруге болатынын, жақын арада Қазақстанның басқа ХҚКО-ларында келушілер санын бақылау мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті. Ақпарат әр сағат сайын жаңартылатын болады.

фото: today.kz

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *