Қытайдың танымал телешоу бағдарламасында Димаш Бибігүл Төлегенованың «Бұлбұл» әнін орындады

Бөлісіңіз

Димаш Құдайберген Қытай телеарнасындағы ең танымал «Happy Camp» шоу бағдарламасында қонақта болды. Бұл туралы «Тілшіге» Қытайдан әншінің досы Алпамыс Шаримов хабарлады. Бағдарлама қытай тілінде «Куай Лы Да бін иен» деп аталады.

Алпамыс Шаримовтың айтуына қарағанда, Димаш Селин Дионның орындауындағы «All by myself» және Бибігүл Төлегенованың репертуарынан «Бұлбұл» әнін шырқады. Сонымен бірге қытайдың «Тин лян» әнінің орындалу техникасын көрсетті.

img-20170118-wa0079

«Шоу бағдарлама барысында қазақстандық жас әнші аспан асты елінің танымал тележүргізушілерін қазақша сөйлетті. Бағдарламада қатысушылар музыкалық, танымдық ойындар ойнады», — деп хабарлады Алпамыс Шаримов «Тілшіге».

Айта кетейік, он миллиондаған аудиториясы бар «Бақытты лагерь» (Happy camp) танымал шоу бағдарламасы эфирге 20 жылдан бері шығып келеді. Хабар әр сенбі сайын көрерменге жол тартады. Бағдарлама Азия және дүниежүзілік байқауларда көптеген марапатқа ие болған. Аудиториясы негізінен жастар. Шығармашылық топ осы күнге дейін көптеген музыкалық альбом мен фильмдер әзірлеп үлгерген. Бағдарламада Дэвид Бэкхэм, Ли Мин Хо, EXO, Бу И Пон, Шиен Баттие, т.б. әлемдік деңгейдегі жұлдыздар болды.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген Қытайға «The Singer» музыкалық шоуына қатысуға кеткен болатын. 21 қаңтар күні эфирден кейін жерлесіміздің нешінші орын алғаны белгілі болады.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *