Ақтөбе облысында балаларына екпе салдырудан бас тартқандар арасында мемлекеттік қызметкер мен дәрігерлер де болған

Ақтөбе облысында балаларына екпе салдырудан бас тартқандар арасында мемлекеттік қызметкерлер мен дәрігерлер де бар, деп хабарлайды «Тілші». Бұл туралы бүгін облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың медицина қызметкерлерімен болған кездесуінде белгілі болды.

Өз кезегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуына қарағанда, бүгінде екпе салдырудан бас тартқан балалар саны 2,5 мыңға жуықтайды.

Өткен жылдың басында бұл көрсеткіш 2 мыңнан сәл асатын.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: mamazanuda.ru

Мақала ұнаса, бөлісіңіз...
Email this to someoneShare on FacebookShare on Google+Tweet about this on TwitterShare on LinkedInShare on VKPrint this page

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.