Тілші тәжірибесінен. Өркен КЕНЖЕБЕКтен 5 лайфхак

Тілші тәжірибесінен. Өркен КЕНЖЕБЕКтен 5 лайфхак

1. Кітап оқуды тастамау. Өз басым ескі-жаңа демей, жақсы деп сипатталған кітаптарды оқып жүруге тырысамын. Мысалы, «Жас қазақ» пен «Дала мен қалада» жазған материалдарымның бастамасын Пауло Коэльоның «Мактубынан» алдым, «Феминизм» деген деректі фильміме түгелдей дерлік Александр Никоновтың кітабы арқау болды дегендей. Айдос Сарым ағамыз айтпақшы, материалдарыңа оригинал тақырып пен бастама іздесеңіз, ғылыми-көпшілік журналдарды оқыған дұрыс дегенге келісемін. Осындай ізденістің нәтижесінде сіздің материалдарыңыздан сторителлингтің сорабы анық көрініп тұратын болады.

 

2. Әлеуметтік желіде белсенді болу. Бұл неге қажет десеңіз, әлеуметтік желі қазір қоғамның тынысы бақылап отырудың тегін тәсілі, танымалдылыққа жеткізудің төте жолы, ақпарат алудың арзан алаңы және өз материалыңызды жарнамалау, оқырман тартудың таптырмас орыны болып қалды. Ендеше, бұның бәрін неге қолданбасқа? Klout-қа тіркелуден бастап, жұрттың назарын алатын пост жазуды жүйелегенге дейінгінің бәрі жұмыс, әрине…

 

3. Фактчекинг. Алған ақпаратымыздың дені адамдардың субъектив көзқарасы мен интернет болғандықтан, олар үнемі тексеруді талап етеді. Оның техникалық жағын біліп қоймай, қоғамдық пікірді бұзу мен қалыптастыру бойынша ТЭД қарап, лекциялар тыңдап, семинарларға қатыса жүрсеңіз, тегі жақсы.

 

4. Телефонның бар мүмкіндігін толық пайдалану. Scanbot қолданбасын қондырсаңыз, сканердің керегі жоқ, Pocket болса, сайттағы ұнаған материалдарды кейін оффлайн оқуға мүмкіндік бар, суреттіңізді VSCO-мен өңдеп, Telegram мессенджеріндегі тегін арналарға жазылыңыз деген сияқты.

 

5. Ағылшын тілі, мобильді фотография, бейнемонтаж негіздерін (ең болмаса, Adobe Premier-де монтаждауды білу керек), инфографиканың тегін құралдарын білген.. енді парыз деңгейіндегі талап. Айтпақшы, әрине ақша жиып, өзіңіз маршрут сызып, алыс-жақын елге саяхаттауды да жоспарға сызыңыз. Себебі, жақсы журналист ел аралайды, жаман журналист интернет жағалайды (Мақсат Тәж-Мұрат)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.