Қандыағаш қаласының 50 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы өтеді

Қандыағаш қаласының 50 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы өтеді

Қандыағаш қаласының 50 жылдығы мен Мұғалжар ауданының 20 жылдығына орай Республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды «Тілші». Облыс әкімінің мәдениет саласы өкілдерімен кездесуінде «скайп» арқылы байланысқа шыққан Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов осындай ұсыныс тастады.

«Қандыағаштық кәсіпкерлер Республикалық айтыс өткізілсе деген ұсыныстарын білдіріп отыр. Барлық шығынды олар өз мойындарына алады. Сізден және облыстық мәдениет басқармасы тарапынан қолдау күтеміз», — деді Ербол Данағұлов.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұл бастама бойынша мәдениет басқармасының басшысы Қанат Айтбаевпен ақылдаса отырып, жоспар құру керектігін жеткізді.

«Менің тарапымнан қолдау бар деп есептей бер. Мәдениет басқармасы да қолдау танытады. Жүрсін Ерманға хабарласып қойыңдар, алдын ала жоспарлау керек шығар, — деді облыс басшысы.

Мұғалжар ауданының әкімі ақындар айтысын қыркүйек айында өткізуді көздеп отырғанын жеткізді.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: atgu.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.