Байғанин ауданының әкімі: «Жарықты қазір қосамыз»

Бөлісіңіз

Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылында электр сымдарына мұз қатып, жер-жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «Тілшіге» аудан басшысы Мамырғали Аққағазов телефон арқылы хабарлады.

«Рас, арасында электр жарығынан ажырап қалып жатыр. Сымдарға мұз қатып, арасында кейбір көшелер жарықсыз қалып жатыр. Бүгін күні бойы ақауларды анықтадық. Содан соң, адрестерін берші, — дейді аудан әкімі.

«Тек көшелерін айтайын. Телемұнара мен жағалау жақ. Тұрғындар мекенжайларын айтқысы келмейді»

«Қорқатын ештеңесі жоқ. Аталған көшелерде электр сымдары үзілген екен. Осы бойы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жарықты бүгін береміз», — деді әкім.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: Guns.ru

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *