Ақтөбе облысы Байғанин ауданының орталығы жарықсыз отыр

Бөлісіңіз

Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылының тұрғындары хабарласып, жарықсыз отырғанын жеткізді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жаңа жыл түнінен бері ауылда электр жарығы бір сөніп, бір жанып тұр.

«Бірнеше күннен бері мазамыз қашты. Жарық беймезгіл сөніп қала береді. Тіпті, үйді жылыту қондырғылары да істен шығып қала береді. «Аристон» жанып кетсе, құбырлар да қатып қалады», — дейді «Тілшіге» хабарласқан Байғанин ауданының тұрғыны.

Оның айтуынша, күн сайын тұрғындар электр жарығынсыз отырады. Электр станциясына хабарласуға туралы келеді.

«Кешеден (сенбіден) бері электр жарығы жоқ. Ұялы телефонды да қуаттай алмай отырмыз. Екінші күнге қарады, электриктерді үйге шақыра алмай отырмыз», — дейді ашынған тұрғындар.

Жергілікті тұрғындардың пайымынша, ауылдағы электр сымдары әбден ескірген. Сары аязға шыдамай, істен шығып жатқанға ұқсайды.

Марат Төлепберген, «Тілші» 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *