Қазақстандықтар Құрбан айт пен Рождествода қанша күн демалады?

Қазақстандықтар Құрбан айт пен Рождествода қанша күн демалады?

7 қаңтардағы православиелік Рождество және Құрбан айттың алғашқы күні жұмыс күндері мен ауысу кестесіне (вахта кестесі) түскенімен, демалыс күні болып есептеледі, алайда, бұл күндер мереке күндері болып есептелмейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына сәйкес демалыс және мереке күндері бір күнге келсе, мереке күндерінен кейінгі күндер демалыс болып есептеледі. Ал 7 қаңтардағы православиелік Рождество және Құрбан айттың алғашқы күні бұл заңда көрсетілген ұлттық және мемлекеттік мереке күндерінің тізіміне кірмейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күні. Ал  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мерекелеріне келесі күндер кіреді:
Жаңа жыл — 1-2 қаңтар;
Халықаралық әйелдер күні — 8 наурыз;
Наурыз мейрамы — 21-23 наурыз;
Қазақстан халықтарының бірлігі күні — 1 мамыр;
Отан қорғаушылар күні — 7 мамыр;
Жеңіс күні — 9 мамыр;
Астана күні — 6 шілде;
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — 30 тамыз;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні — 1 желтоқсан.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.