Тілші тәжірибесінен. Кәмшат Қопаевадан 5 лайфхак

Тілші тәжірибесінен. Кәмшат Қопаевадан 5 лайфхак

1. Сұрақ қойғанда жауапты мұқият тыңдап, сөзін бөлмеуге тырысыңыз. Себебі тыңдамай, орта жолдан басқа сауал қойсаңыз, нақты жауап ала алмауызың мүмкін. Ол адам да айтар ойынан шатасып қалады.  Сұхбат берушінің барлығы бірдей сөзге шешен емес. Өз ісін жетік білетін, кәсіби мамандардың өзі кейде дұрыс сөйлей алмайды.  Бұндай кезде түрлі сұрақтар қойып, сөйлете білу керек.
2. Қызметіне қарамай кез келген адаммен жылы сөйлесіп, тіл табыса білуді  үйреніңіз.  Қажет болса телефон нөмеріңізді қалдырыңыз.
3. Белгілі бір тақырыпқа қатысты ақпарат көп болған сайын, оны жазу қиынға түседі. Сондықтан маңыздысын  ғана іріктеп алған дұрыс. Дау тудыратын, күрделі мәселелерде диктафондағы жазбаны өшірмей, кемінде үш айға дейін сақтаңыз. Кейін бұл сіздің сөзіңіздің дұрыстығын дәлелдеуге керек болады.
4. Мақала жазудың мәдениеті —  адамның аты жөні мен қызметін дұрыс жазудан басталады. Тіпті сұхбаттың соңында бұл мәліметті тағы бір рет сұрап алған артықтық етпейді. Ақпараттың дұрыстығын нақтылаңыз. Күмәндансаңыз сөздің де дұрыс жазылуын тексеріңіз. Бұл ретте кез келген сайтты емес, салмақты басылымды басшылыққа алыңыз.
5. Басындағы мұңын айтып, сіздің көмегіңізге зәру болып келген адамның шығымын аяқ асты қылмаңыз. Тиісті орындарға хабарласып, көмектесіңіз. Бұл кейін үлкен тақырыптың бастауы болуы мүмкін.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.