Ресейде журналистер мінген ұшақ Қара теңізге құлады

Сочиден ұшып шыққан Ту-154 ұшағы Қара теңізге құлады. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. «Алдын ала болжам бойынша, ұшақ Қара теңізге құлаған», — деп мәлімдеді ақпарат көзі. Бұған дейін ұшақ Краснодар өлкесінің таулы аймақтарына құлауы мүмкін деген хабар тараған еді. Айта кетейік, ұшақ бортында 91 адам болған. Олардың арасында Ресейдің «Бірінші арна» және «Звезда» арналарының тілшілері мен әншілер болған.

24.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *