«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Шолпан Жолаушыбаеваның ұсыныстары

«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Шолпан Жолаушыбаеваның ұсыныстары

Мен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтөбе ауылының тұрғынымын. Кез келген қаланың, ауданның, ауылдың өзіндік бір жетіспейтін тұстары, проблемалары болатыны сөзсіз. Сол сияқты менің де ауылымның әліде жақсармаған жақтары жетерлік. Біздің ауылдың негізгі түйіндері төмендегідей.
«Жастар — ел болашағы!» Ал біздің ауылдың жастары өз бос уақытын қалай өткізеді? Мәселенің маңыздылығы сонда, бізде жастар қызығып айналысатын, бос уақытының біраз бөлігін  өткізетін бірде-бір орын жоқ. Бос уақыттарында көше кезіп сол арқылы жағымсыз жайттарға ұшырап, жаман әдетке бейімделетіндеріде араларында өкінішке орай баршылық. Тек мектеп спортзалында ғана аптасына бір рет спортпен шұғылдануға рұқсат етілген. Жастар сол күнді асқан ыждағыттылықпен күтеді, өйткені олардың көбі дерлік мектеп қабырғасында спортты серік еткендер. Жалындаған жастарға бір жетінің бір күнінде ғана шұғылданған түк болмайды. Егер мен әкім болсам осы мәселені қолға алар едім. Ауыл жастарына уақыт өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға көмектесетін спорт кешенін тұрғызуға ден қояр едім. Кейбір жұмыссыз жүрген жастарымызға сол жерден жұмыс қарастырар едім. Сонда жастардың аузынан «ауылда түк қызық жоқ» деген сөз түсер еді.
«Дала салқын,
Үй салқын.
Көңіл салқын,
Ми салқын
Бәрі салқын жарқыным». Дала салқындаса күн шығар, көңілмен ми салқындаса әйтеуір бір жылынар ал үй салқындаса «21 ғасырда» менің анам бүржеңдеп жүріп от жағар. Ендігі басты проблема біздің ауылда шешімін таппаған көгілдір отынның жоқтығы.  Осы уақытқа дейін біз бұл отынды армандағанда жоқпыз өйткені газ аудан орталығында да болмады. Қазір ауданымызға газ кіргізілді және Қарабұтақ ауылының халқы да газбен қамтылды. Қарабұтақ ауылы мен аудан орталығының қақ ортасында тұрған біздің ауылға газ неге тартылмайды, неге дәл ауыл іргесінен өтіп жатқан газ бізге әлі де арман? Егер мен әкім болсам тап осы сансыз сауалдардың шешімін тауып, нүктесін қояр едім. Халықтың біраз қиыншылықтан арылуына жағдай жасар едім. «Ошақ», «отын», «отын жару», «отын кіргізу», «түтін», «күл шығару» деген сияқты бейнетке толы сөздерді мүлде қолданыстан шығаратындай етер едім.
Терезеден «Сәду атаның» құдығына тәшкі сүйреп ағылып жатқан ауыл тұрғындарының күніге жүзін көремін. Олардың барлығы үйіне ішетін су таситындар…  Аралтөбедегі тағы бір өзекті, түйіні шешілмеген түйіткіл ол-ауыз су мәселесі. Ауылда тұщы суы бар құдық жалғыз. Иә, бүтін бір ауыл тіршілікке ең керекті деген суды бір ғана құдықтан алады, бір ғана құдыққа бар ауыл тәуелді. Ол құдық суыда таза емес күніге жүз адам алса, жүз түрлі шелек салынады. Беті ашық. Жазда жел тұрса бар қиқым-сиқым содан табылады. Айналасы ашық-тесік. Қыстағы қар суы көктемде ерігенде, ол құдықтың ішіне тағы құйылады. Жалғыз құдығымыздың да жағдайы осы көңіл көншітпейді…
2011-2012 жылы ауылдан жеті шақырым жерден ауыл азаматтары су құбырын қазды. Жетпіс метр тереңдіктен су шықты. Қазылған су ауыл тұрғындарына екі жүз жыл бойы пайдалануға жетеді екен. Қазіргі таңда біз иегіміздің астында тұрған суды да тартып кіргізе алмай отырмыз. Егер мен әкім болсам сол суды тартуға бар күшімді салып, қалайда ауылымның таза су ішуіне мүмкіндік жасар едім. Алдымен өзімнің аузымнан «түу, суға бару керек, су сүзетін орамалды кім көрді?» деген сияқты сөздер түсетін еді.
Міне, әкімдікке жақындығым болса менің шешетін мәселелерім осылар болмақ. Ел болам десең, бесігіңді түзе дейді. Ал мен «Дамыған мемлекет болам десең, дамымай жатқан ауылыңды түзе» дер едім. Өйткені «Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі!!!»

  1. Еламан 31.12.2016, 15:17

    Автордын идеясына косыламын. Кез келген адам ози туылып оскен жерин дамығанын коргиси келеді. Сайып келгенде, бари каржыга байланысты. Казахстан енди енди дамып келе жаткан мемлекет. Барлыгы бірден болмайды. Москва бирден курылган жок!Авторға айтарым, котерген мәселелеріниз биртиндеп шешіледі, арине казрги уакытта емес. Болашакта биртиндеп оз шешимин табады.

    Reply

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.