Ақтөбе облысында мүмкіндігі шектеулі адамдарды еңбекпен қамту бойынша жұмыс күшейтілетін болады

Бөлісіңіз

2016 жылғы 11 айда Ақтөбе облысында тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмек көрсету және оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы туралы облыстық әкімдікте өткен жиында қаралды.
Өңірде шамамен 25 мың астам мүмкіндігі шектеулі жандар болса, олардың 3 мыңға жуық дерлігі балалар.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтері бойынша есептік кезеңде 620 тарта мүгедек жан жалпы сомасы 514,5 млн. теңге болатын қозғалыс  құрылғылары, сурдотехника,     тифлотехника, санаторлық-курортпен сауықтыру, протезді-ортопедиялық қызметтер, гигиеналық құралдар, ымдау тілі мамандарымен және жеке көмекшімен қамтамасыз етілді.    2100-ден астам адам үйде күтім түрінде әлеуметтік көмек арнайы қызметтер алады. 4 үкіметтік емес ұйым мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 273 мүгедек балаға осыған ұқсас қызметтерді көрсетеді. Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес 125 нысан әлеуметтік бейімдеуден өтті. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен өңірде мүгедектерді оңалтуға бағытталған басқа да жобалар жүзеге асырылуда.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиналғандардың назарын мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналасуға көмектесу және мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау туралы заңнаманы орындау мәселесіне аударды. Өңір басшысы осы саладағы бақылауды күшейтіп, мүгедектерді жұмысқа қабылдау кваотасын бұзған мекемелердің басшыларына қатаң шара қолдануды тапсырды.
Облыс әкімі сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға қала бойынша қозғалыс үлкен мәселе туғызып отырғанын және бұны  шешуде инватакси санын арттыру үшін маңызды болып табылатынын атап өтті.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қолдауға бағытталған әлеуметтік іс-шараларға тәрбиелеу мақсатында жастарды белсенді тарту қажет.
Мемлекет басшысының саясаты Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлеуметтік әділеттілік қағидаттарына негізделген. Бүгінде мемлекет арнайы бағдарламаларды жүзеге асырып, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін қыруар қаржы бөлуде. Бізде мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтудың жеке бағдарламаларын 100 пайыз орындау үшін барлық жағдай бар. Бұл үшін жетіспейтін тұстарды сараптап, жағдайды оңтайлы шешу үшін өз ұсыныстарыңызды енгізіңіздер. Егер де қандай да бір мәселені шешу барысында қолдау қажет болса, тікелей маған хабарласыңыз, — деді Бердібек Сапарбаев жауапты мемлекеттік орган басшыларына.
Өңір басшысы сонымен қатар, аз қамтылған отбасылар мен жұмыс жүргізуді күшейтуді тапсырды. Соның ішінде республикалық бюджеттен шартты ақшалай көмекке енігізделген  «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру күшейтілетін болады. Аталмыш жоба «100 нақты қадам-Ұлт жоспарын» жүзеге асыру аясында 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап пилоттық режимде облыстағы Ақтөбе қаласында, Мәртөк және Мұғалжар аудандарында қазіргі уақытта бұл жоба облыстын барлық аудандарында іске асырылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *