Шұбарқұдық тұрғындары шаңырақтың аударылып жатқанына наразы

Бөлісіңіз

Ақтөбе облысы Темір ауданындағы мектепгимназияның ауласында төңкерілген шаңырақ жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. «Тілшіге» хабарласқан жергілікті тұрғындар білім ордасының ауласындағы шаңырақ үлгісіндегі субұрқақтың символикалық мағынасы дұрыс еместігін айтады.

Шұбарқұдық ауылының Ермек есімді тұрғынының хабарлауынша, төңкерілген шаңырақ жазда мал су ішетін астаудың функциясын атқарса, қыс мезгілінде қар жинайтын орынға айналады.

Ауылдың байырғы тұрғыны Жақсыбай ақсақалдың «Тілшіге» айтуына қарағанда, бұл мәселе жергілікті билік алдында көтерілген. Алайда, құлақ асар жан жоқ.

«Қазақтың шаңырағы жерде жатуға тиіс емес. Дөңгелек астау сияқты деп отырғанымызбен ол астау емес. Шаңырақ. Белгілері — дөңгелек, ортасында күлдіреуіштері бар. Төбесіне қыран құс отырғызылған», — деген Жақсыбай ақсақал ондағы қателіктерге тоқтап өтті.

Оның айтуынша, қазақта «шаңырағың ортасына түссін» деген жаман сөз бар, жау шапқанда шаңырақ ортасына түседі, үлкен қасірет болғанда шаңырақ шайқалады, соғыс уақытында құлайды.

img-20161221-wa0038

«Символикалық жағынан алғанда гимназия ауласындағы шаңырақ белгісі өте қате жасалған, әрі мақтанатын нәрсе емес. Сонымен бірге, мен білсем, шаңыраққа қыран құс отырмаған. Тек қарлығаш ұя салып, балапанын ұшырмайынша, халық көшпей, күтетін болған», дейді Жақсыбай ақсақал.

Шұбарқұдық тұрғыны бүгінде гимназия ауласындағы «шаңырақтың» ішінде ойын балаларын жиі көретінін айтады.

«Шаңыраққа баланы мінгізбеген. Тек бақсылар мінетін болған, онда да өте аз уақытта, әрі ем жүргізу мақсатында. Ал, бақсының қандай адам екенін білесіздер», дейді ол.

Жақсыбай ақсақалдың айтуынша, символикалық тұрғыда қате тұрғызылған тағы бір «шаңырақ» ауыл әкімдігінің маңында да болған.

«Жергілікті билік органы маңында да осыған ұқсас белгі болды. Жерде жатқан шаңырақтың қасында тәрбиелік мәні бар жиналыстар өтетін. Әкімдер салтанатты шараны да сол жерде өткізетін. Мақтау қағаздарын табыстайды, құттықтап жатады. Бұл жайтты бірнеше мәрте көтерген соң, ол белгіні дұрыстап қойды. Шаңырақты сәл биіктетті, дейді ауыл тұрғыны.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

3 thoughts on “Шұбарқұдық тұрғындары шаңырақтың аударылып жатқанына наразы

  1. «Tilshi.kz» сайтында 22 желтоқсан күні Марат Төлепбергеннің «Шұбарқұдық тұрғындары шаңырақтың аударылып жатқанына наразы» тақырыбындағы мақаласы шықты. Мақалада «мектеп-гимназияның ауласында төңкерілген шаңырақтың» халықтың наразылығына ұшырағандығы туралы жазылған.
    Шын мәнісінде, Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық ауылындағы мектеп-гимназияның ауласында емес, орталық алаңда орналасқан субұрқақ қазақ халықының дәстүрлі баспанасы киіз үй және қалықтаған қыран құс бейнеленген конструкция негізінде 2011 жылы жасалған. Мақалада баяндалғандай шаңырақ жерде жатқан жоқ, арнайы уық арқылы кереге ретінде қаланған қабырғаға бекітілген және «төңкерілген» күйінде емес қалыпты жағдайда орналастырылған. Көкте самғаған қыран құсты халқымыз қашанда қасиетке балаған. Қыран құс біздің көк туымызда да бар, ол – еркіндіктің символы. Су бұрқақта шаңырақтың үстінде қалықтаған қыран құсты көреміз. Бұндағы шаңырақ – біртұтас ел дегенді, қыран құс – «еркін, тәуелсіз» дегенді білдіреді.
    Ауылдың байырғы тұрғыны деп көрсетілген Жақсыбай есімді ақсақалдың Шұбарқұдық елді мекенінде мүлдем тұрмағанын және тұрмайтындығын ескерсек, бұл мақаланың да шынайылығына әбден күмәнмен қарауға болатыны хақ.
    Негізінен бұл конструкция мемлекеттік немесе ұлттық символика ретінде емес, жазғы уақытта кешкі мезгілдерде, мереке күндерінде ауыл тұрғындары демалуға жиналатын орталық алаңда субұрқақ ретінде пайдалануға берілді, сондықтан да бұл құрылысты аса саясаттандырудың қажеті жоқ.
    Ауыл орталығындағы осы алаңға мал келеді деп айтудың өзі қисынсыз, себебі бұл айналада жағалай гүлзарлар, гүл шоқтары жаз айларында жылда отырғызылады, ал мал келсе осы өсімдіктер өсеме екен?
    Жергілікті әкімдікке бүгінгі күнге дейін аталған жайтқа байланысты өтініштерімен немесе наразылықтарымен бірде-бір азаматтың келмегендігі анықталды. Егер де осы мақала авторы ауылға, елге шын жаны ашыса өзінің ойымен, ұсынысымен ауыл әкімдігіне немесе басқа да атқару органдарына жүгінуі керек еді. Сондықтан да біз мұны күйе жағу, әрі «тырнақ астынан кір іздеу» деп ұғынамыз.

      Сіздің пікіріңіз модерациядан өтуде.

  2. Tilshi.kz сайтында 22 желтоқсан күні Марат Төлепбергеннің «Шұбарқұдық тұрғындары шаңырақтың аударылып жатқанына наразы» тақырыбындағы мақаласы шықты. Мақалада «мектеп-гимназияның ауласында төңкерілген шаңырақтың» халықтың наразылығына ұшырағандығы туралы жазылған.
    Шын мәнісінде, Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық ауылындағы мектеп-гимназияның ауласында емес, орталық алаңда орналасқан субұрқақ қазақ халықының дәстүрлі баспанасы киіз үй және қалықтаған қыран құс бейнеленген конструкция негізінде 2011 жылы жасалған. Мақалада баяндалғандай шаңырақ жерде жатқан жоқ, арнайы уық арқылы кереге ретінде қаланған қабырғаға бекітілген және «төңкерілген» күйінде емес қалыпты жағдайда орналастырылған. Көкте самғаған қыран құсты халқымыз қашанда қасиетке балаған. Қыран құс біздің көк туымызда да бар, ол – еркіндіктің символы. Су бұрқақта шаңырақтың үстінде қалықтаған қыран құсты көреміз. Бұндағы шаңырақ – біртұтас ел дегенді, қыран құс – «еркін, тәуелсіз» дегенді білдіреді.
    Ауылдың байырғы тұрғыны деп көрсетілген Жақсыбай есімді ақсақалдың Шұбарқұдық елді мекенінде мүлдем тұрмағанын және тұрмайтындығын ескерсек, бұл мақаланың да шынайылығына әбден күмәнмен қарауға болатыны хақ.
    Негізінен бұл конструкция мемлекеттік немесе ұлттық символика ретінде емес, жазғы уақытта кешкі мезгілдерде, мереке күндерінде ауыл тұрғындары демалуға жиналатын орталық алаңда субұрқақ ретінде пайдалануға берілді, сондықтан да бұл құрылысты аса саясаттандырудың қажеті жоқ.
    Ауыл орталығындағы осы алаңға мал келеді деп айтудың өзі қисынсыз, себебі бұл айналада жағалай гүлзарлар, гүл шоқтары жаз айларында жылда отырғызылады, ал мал келсе осы өсімдіктер өсеме екен?
    Жергілікті әкімдікке бүгінгі күнге дейін аталған жайтқа байланысты өтініштерімен немесе наразылықтарымен бірде-бір азаматтың келмегендігі анықталды. Егер де осы мақала авторы ауылға, елге шын жаны ашыса өзінің ойымен, ұсынысымен ауыл әкімдігіне немесе басқа да атқару органдарына жүгінуі керек еді. Сондықтан да біз мұны күйе жағу, әрі «тырнақ астынан кір іздеу» деп ұғынамыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *