«Егер мен әкім болсам…»! Алтынай Орынбаеваның ұсыныстары

«Егер мен әкім болсам…»! Алтынай Орынбаеваның ұсыныстары

Мен Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің филология мамандығы бойынша 2-курста оқып жатырмын. Ақтөбе — нағыз дамыған қала. Жастардың қаласы дер едім. Астанамызбен теңесіп келе жатқан үлкен қала. Оқу орны өңірлік болса Ақтөбе қаласы өмірлік қала болып қалана берсе екен деймін. Негізі дүниеге келіп, білім нәрімен сусындап келген тұрғылықты мекенім — Арал қаласының Қаратерең елді мекені. Бүгінде Арал теңізімен белгілі бұл ауылыма үлкен жаңартулар мен өзгерістер ауадай қажет.
Әкім деген кім, жалпы? Я, ол бүтіндей елге қамқор болып, бүгінін бүтіпдеп отыратын, барымен қамтамасыз етіп, қолдан келсе ауқымын кеңейтіп отыратын адам. Тоқсан ауыздың тобықтай түйіні — әкім — елдің қамқоршысы.  Бүгінгі таңда ауыл- аймақтың, аудан, облыстың бір-бірдей әкімі бар. Олар қолдарынан келсе, барын жасап беріп жатыр. Жасауын жасап жатыр ғой, дей тұрғанмен шешілмей жатқан мәселелер тағы да бар. Онымен қалай күреспекпіз?
Егер мен әкім болсам нендей істі қолға алар едім деген сұраққа жауап іздер болсам, ұйыған халықтың бітпей тұрған мәселесін алға тартар едім. Ол — жол мәселесі. Әрине, елімізге белгілі жәйт. Сонау ерте кезден бастап – ақ халық үшін маңызды мәселе ол жер болатын. Алайда ол кезде жерге талас болды. Қасық қаны қалғанша күресіп жер үшін жауға шапты. Енді дайын тұрған жерді әрі қарай неге дұрыстамасқа?  Дамыған заманда тегістей халықтың жолын құлдыратпай тезістеп беруді басты назарға қояр едім.
Жоғарыда айта кеткендей, біз дамып келе жатқан дамушы елдердің қатарынанбыз. Солай бола тұра,  байланыс жүйесінің болмағаны дұрыс  емес-ау?!  Кейбір ауыл- аймақтарда (соның ішінде Қаратерең ауылы) ұялы байланыс жүйесі жоқ. Бұл үлкен мәселенің бірі. Алыс аймақтармен хабар алып отыру жағын қарастыру үшін байланыс жүйелерін ( актив, билайн, теле2, алтел) қосу ісін қолға алар едім. Бәріне белгілі, сонау Арал қаласының маңындағы теңізде балық  ауланып, халық тұрғындары балық шаруашылығымен айналысып жатыр. Балықтың көптеген түрлері бар: сазан, мөңке, ақбалық, торта, лақа, шортан, жылан балық, шабақ, тісті т.б.  Сол ауыл тұрғындары тек қана балық шаруашылығымен күн көруде. Мұндағы маңызды мәселе сол шаруашылықты қолға алып, дамыту керектігі. Арнайы  балық мекемелері ашылып,  халықты кәсіпкерлікке бір табан жақындату керек. Бір жағынан сол ауыл тұрғындарының арасындағы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтамасыз етілуіне де көмек болар еді.
«Ел боламын десең — бесігіңді түзе» демекші, әрбір халықтың халық болып қалыптасып, биік болып қалануы басшыға байланысты.

Алтынай Орынбаева, студент

 

  1. Айбек 18.02.2017, 16:10

    Орынды пікір. Қаламын ұштала берсін.

    Reply

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.