«Егер мен әкім болсам…»! Қанат Амановтың ұсыныстары

«Егер мен әкім болсам…»! Қанат Амановтың ұсыныстары

Тәуелсіздіктің 25 жылдық ұлық мерекесі қарсаңында өзімді бір мәрте әкім деген лауазымға қойып көріп, егер де мен әкім болсам қандай әкім боламын , не істер едім деген сұрақтарға жауап іздеп көрейін. Мен оқушы кезімнен мектеп президені болып, университетке оқуға түскеннен кейін факультеттің студенттік деканы болып, содан кейін «Тұмар» студенттік жастар театрының жетекшісі болып шағын қызметтерде жұмыс атқарып көргем. Атқарылған қызметтердің барлығы белгілі бір сала бойынша басқару болса, оның өзі өте қиын, күрделі болды. Әр студентпен жұмыс, тіл табысу, оларды басқару. Мен айтып отқан қиындықтар бәлкім біреу үшін жеңіл көрінер, бірақ менің болашақ қызмет атқаратын мамандығыма тигізер әсері мол және үлкен тәжірибе болды. Егер де мен әкім болсам бүйтер едім , сүйтер едім, қырамын, жоямын қолымдағы билікті пайдаланып солай жасар едім емес, тереңнен ойлап айтқым келіп отыр. Таяз ойлап, жеңіл ой жазу менің бітірейін деп отқан мамандығыма келтірген нұқсан болама деп те ойлап қоямын. Мамандығым «Мемлекеттік және жергілікті басқару» . Бұл мамандықта оқығалы мемлекетте жүргізілетін саясат, жергілікті басқару, өзін –өзі басқару және т.б. көптеген мағлұматтармен толық таныстым. Бұл мамандықта оқыйтын студенттерден бітіргеннен кейін кім боласыздар? деп сұрақ қойсаңыз Әкім деп жауап береді, сонда сонша әкімдер мен мемлекеттік қызметкерлер не үшін қажет? Тек Ақтөбе облысы бойынша осы мамандықты оқытатын үш жоғарғы оқу орны бар, жылына осы үш ЖОО нан 276 дан астам студент түлеп ұшады, бітіргеннен кейін жұмыс жоқ, ал қалтада диплом. Бірақ өзі жұмыс іздеп талпынбаса ешкім келіп міне саған жұмыс деп әкеліп бермесі анық, қарапайым мысалмен өңірдегі ЖОО ның бітірген студенттерді жұмыспен қамту үшін жұмыс жүргізбейтінінің дәлелі. Ең бірінші егерде мен әкім болсам Білім саласына аса қатты мән берер едім. Қазіргі таңда Білім саласы Білім және ғылым министірлігі тарапынан реформа өте көп, бір реформаны толықтай зерттеп оны біздің өңір, біздің елге келеме , келмейдіме оған қарамай реформаны еңгізе салады, еңгізгеннен кейін жарамаса оп-оңай бас тарта салады.Бұл дегеніміз тұрақтылық жоқ. Содан кейінгі екінші мәселе қазіргі таңда екінін бірінің жоғарғы білімі туралы дипломы бар, одан қала бере көптеген азаматтардың 2-3 дипломы бар, сонымен қатар қазір барлығы жарысып магистратура оқып жатыр, бұл біздің елде ЖОО на түсу жеңіл екенін білдіреме әлде түсіп жатқан жастар шын мәнінде сауатты ма? Білім ,ғылым саласына аса қатты мән беріп өңір азаматтарын ғылымға тартуға өз үлесімді қосып, соны ұйымдастырушыларға қолдау көрсетер едім . Өңір білім сапасын статистика үшін 98, 100 пайыз қылып қоймай шын мәнінде сауатты жастар тәрбиелеуге үлес қосамын. Жоғарғы оқу орындарының талабын күшейтіп, бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуын қадағалауды мықтылап университет ректорларына тапсырма берер едім. Білімді ұрпақ елдің болашағы …
Спорт-денсаулық кепілі. Өңірдегі спорт саласы қазіргі таңда төменгі деңгейде, оған дәлел Галиб Джафаровтан кейін Ақтөбе облысынан жарқ етіп шыққан жұлдыз болмады. 2003 жыл мен 2016 ара қатынас 18 жыл. 2016 Рио олимпиадасы ауыр атлетіміз Харкидің қола медалі. Осы аралықта спортшыларымыз, тренерлеріміз, спорт басқармасы қайда болды? Ақтөбе футбол командасы құдайдың бізге тарту еткен тартуы деп білейін, осы команданың жетістігімен Спорт басқармасы жылдық есепті жабады ау деймін … Қазіргі таңда 2016 жыл көше спортын дамыту, аула клубтарын ашу, жүргізіліп жатырған жұмыстарды жалғастырар едім. Сонымен қатар жаз мезгілінде саябақтарда заманауи би билейтін арнайы алаң ашар едім. Жетім , аз қамтылған отбасының балаларына мектеп ішінен арнайы секцияларды ашқызып сонда тегін қатысуына жағдай жасар едім. Өңірдегі спорт секциясы, спорт мектептерінің жұмыстарын толық тегін жасар едім , бассейн, теннис, күрес, ауыр атлетика, жеңіл атлетика. Өңір климаты қыс, жаз барлық мезгіл уақытылы өтеді осы орайда қысқы спорт түрлеріне аса қатты мән берер едім, биатлон, хоккей, шаңғы спорты, фристайл, коньки, мәнерлеп сырғанау. Қыс мезгілінде арнайы шаңғы тебетін алаңдар санын көбейтер едім. Дені сау ұрпақ елдің болашағы …
Бірінші байлық- денсаулық. Қазіргі таңдағы медициналық мекемелер сапасын арттырып, дәрі-дәрмек құнының төмен болуына арнайы меморандумдарға отырып қол жеткізер едім, шет мемлекеттер білікті мамандарымен тығыз жұмыс жасап, қиын деп саналатын оталарды біздің өңірде жасауға жағдай туғызар едім.
Бірде мемлекет басында отырған бір азамат егер экономикамыз 10 жылға артта қалса оны 5жылда қайтарып алуға болады, ал мәдениетіміз 10 жылға артта қалатын болса оған кем дегенде 20 жылдан асатам уақыт қажет етеді деген болатын. Сол сөзге сүйене отырып мәдениет қызметкерлеріне шығармашылықпен айналысуға жағдай жасап жас мамандарды жатақхана немесе арендалы үймен қамтамасыз етер едім. Қаламызға жетіспейтін сарай, театр, мәдениет ошақтарын көбеюіне ат салысар едім .
Сонымен қатар қазіргі таңда Ақтөбе инвестиция тарту бойынша Республика бойынша алдыңғы қатарда, осы жұмысты одан әрі жалғастырып инвестрлар санын арттырар едім. Жасалатын жұмыс өте көп, комунналдық шаруашылық, мәдениет, өнер, спорт , білім, ғылым, техника-технология…
Тағы бір мәрте жер-су атауларын уақыт өте келе барлық шығындарды ескере отырып қазақи атауларға сай өзгертер едім. Бұл шағын ой -пікір, қаламызда аллға шүкір барлық жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр, Елбасымыз айтқандай велосипед ойлап табудың қажеті жоқ, жасалған жұмысты тек жетілдіріп одан әрі бір қарқында алып кету. Су ағады, тас қалады, кәрі кетеді, жас қалада . Болашақ жастардың қолында)))

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.