«Егер мен әкім болсам…»! Жандос Айтжановтан

«Егер мен әкім болсам…»! Жандос Айтжановтан

«Әкім ауыл ажары, халық оның базары» дейді дана халымыз. Облысқа, қалаға, ауданға және ауылға жаңа әкім келген кезде тұрғындар бір елең етіп қалатыны бар. Себебі, сол жердегі кез келген қоғамдық топтар жаңа басшыдан бір жаңалық, өзгеріс күтеді.
Арманның шегі де, шеті де жоқ. Егер мен әкім болсам жұмысымды ауылдан бастар едім. Нақтырақ айтанда ауылдық округтен. Себебі топ етіп ауданның, облыстың әкімі болу мүмкін емес. Барлығымызда ауылдан шықтық. Ауыл қаймағы бұзылмаған қазақы орта. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздің қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Абай атамыз жырлағандай, ауылымның бір кірпіші болып қаланып, халқыма пайдамды
тигізер едім. Әкім – ауылдың жанашыры, бетке ұстайтын бірінші адамы.
Бүгінде ауылдық жерлерде күрмеуі күрделі шешілмеген мәселелердің бар екені жасырын емес. Ол бірінші кезекте көгілдір отын, ауыз су және жол мәселесі. Ауылдық округтен әкімдік қызметті бастарда жоғарыда айтылған мәселелерге мән беріп, сол бағытта жүйелі жұмыстар атқаруға атсалысамын. Одан кейін ауылдағы жұмыссыздық деңгейін жоюға, ауылдың әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға білімімді, күш жігерімді саламын. Әрине бұл жұмыстардың барлығы ауылдың болашағына байланысты жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы саласына да үлкен мән беремін. Себебі бұл еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны баршымызға белгілі.
Әкім болу оңай емес. Сондықтан ауыл тұрғындарының билікке деген сенімділігін арттыру мақсатында тығыз байланыста боламын. Ауыл кәсіпкерлерінің басын қосып әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ұдайы көмек көрсетуді қолға аламын.
Жандос АЙТЖАН, Мұғалжар ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.