«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Гүлнәр Омарованың ұсыныстары

«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Гүлнәр Омарованың ұсыныстары

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне сай ұйымдастырылып отырған «Егер мен әкім болсам..» атты байқауға мен де қатысып , өз ойымды білдіргім келді.

Әрине айтуға, ойша шешіп тастауға оп-оңай сияқты. Сондықтан бір сәт өзімді әкімнің орнына қойып көрдім.

Жалпы тәуелсіз мемлекетіміз ауылдық жерлердің арқасында көтеріліп жатыр, себебі ауылда мал , егін, бау-бақша шаруашылығы дамиды. Экономиканың дамуына ауыл шаруашылығының үлесі көп. Өкінішке орай, қазіргі кездегі дағда-рыс пен жұмыссыздықтың кесірінен ауылдық елді мекендер азайып жатыр. Қазір жастардан : «Неге ауылда қалмадың?» десең, олар : «Ой, ауылда интернет жоқ, қыдыратын жер жоқ, шашыңды да дұрыс алдыра алмайсың, клуб жоқ, жұмыс жоқ» деп жауап береді. Мен аудан әкімі болсам ауылдық жерлерді көтерер едім, сол жергілікті жердің өндіріс орны мен жағдайына байланысты балаларды тегін оқытатын колледж не кәсіптік оқу орнын ашар едім және сол оқу орнында аудан бойынша көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын тегін оқытуға жағдай жасар едім.

Сонымен қатар ауылдық жерлерде жылыжай ашуға, құс, мал, егін шаруашы лығын дамытуға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыруға көмектесер едім. Қазіргі таңда шағын кәсіпті дамытуға арналған бағдарламаларды іске асыруға ауылдың тұрғындарын жиі тарту керек.

Имандылық пен қазақи тәрбие ұйыған ауылда жастарға үлгі-өнеге беру үшін «Қариялар кеңесі», «Әжелер мектебі», «Енелер үлгісі» т.с.с қоғамдық кеңестер-дің тәрбие жұмыстарын жүргізуге атсалысар едім. Жастардың ауылдық жерлер де тұрақтап қалуы үшін Мәдениет үйін, спорт алаңдарын, шаштараздар, монша лар салып , жас отбасыларына тұрғын үйлер салып беруге көмектесер едім. Жастарға жеке кәсіппен айналысуға, өз кәсібін дамытуға төменгі пайызбен шағын несиелер, көтерме қаржылар алуға өз көмегімді берер едім. Ауылдың мектептеріне қазіргі заманауи құрылғылармен қамтамасыз етуге жәрдем берер едім, мысалы интерактивті тақталар, ноутбуктер, музыкалық аспаптар, спорт құрылғылары. Сонымен бірге ауылға интернет желісін , байланыс спутниктерін қондыруға қаржы қарастырар едім, өйткені қазіргі заманда интернеттіз ешкім отырмайды, әсіресе жастар. Мүмкін болса, ауданға қарасты ауылдарға жер жағда йына байланысты шаруашылықтар ашар едім, мысалы Абай ауылы егін шаруа- шылығы, Сарысай ауылы ірі қара шаруашылығы, Тасөткел ауылы қой шаруа -шылығы, Бөгетсай ауылы бау-бақша шаруашылығы, Көктау ауылы балық шаруашылығы.

Ауылдарды көтерсек, аудан дамиды, аудан дамыса облыс дамиды, солай мемлекетіміз көтеріледі.

Гүлнәр Омарова,

Хромтау ауданы Сарысай ауылының тұрғыны

фото: kzvesti.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.