«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Амина Жылқыбаеваның ұсыныстары

«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Амина Жылқыбаеваның ұсыныстары

Егер де мен əкім болсам…

1.Əр бір ауылға балалар дəрігерін жіберетін едім. Себебі жаңадан босанған аналар балалары ауырып қалса ауылдағы дəрігер білмейді, я болмаса уакыт жоқ немесе дұрыс қарамай балаларды қалаға жіберіп жатады. Кейбір аналардың қалада тұратын жерлері болмай қалады əрине туманың үйіне барады ал тумалар жақтырмай қалып жатады. Жас аналарды қаламен ауылдың ортасында жүгірмес үшін.
Ұсыныс:
1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды арнайы емдейтін дəрігерді ауылға отырғызу. Балалар кішкентай кездерінде иммунитеттері əлсіз жəнеде аурушан болып келеді. Бүгінгі ұрпақ ертеңгі күннің тізгінің ұстамақ сондықтан мықты денсаулық қажет.

2. Ақылы түрде ауыл қала мектептерінде арналған əр түрлі үйірмелер ашу.
Ұсыныс:
Əр мектепте ақылы түрде үйірмелер ( би, музыка, изо, тетатр, вокал,домбыра, т.б) жəне сол ақшанның 20% на. Аз қамтылған көп балалы, жағдайы жоқ балаларға арналған рухани азық алатындай кітаптар алып беру жəнеде мүмкіндік болып жатса сол балалары үйірмелерге қатыстыру. Т.б

3 . Еңді оқуын аятап жұмысқа қосылып жатқан мамандарға арналған қоғамнан тыс қалмайтындай бағдарлама ұйымдастыру.
Ұсыныс:
《Мықты қабілет 2017 》- бұл бір жыл .
《 Күшті қайрат 2018》- бұл екі жыл.
《Білікті маман иесі 2019》-бұл үш жыл.
Мақсаты : Жастарды еңбекке шақыру, қазірде жастар мамандық бойынша істемейді, кейбір жастар жұмыс таба алмай жатады, кейбір жастар ауылға кетіп жатады, міне осы бағдарламамен жастардың еңбекке қабілетті екенің дәлелдеп көрсету,қызығушылықтарын ояту.
1 жылда 3 жылға дейін уакытта ішінде тұрақты осы бағдарламаға қатыстырып жəне оларды тұрақты тексеру. Алдымен жұмыс жасаған жылы бəрін меңгеріп бір жылдық стажы бар жастарды қатыстыру. Бақылау комиссиясың шығарып тұрақты түрде тексеріп əр түрлі тапсырмалар орындату. Жәнеде осы жылдар аралығында
ең төмен пайызбен үйге немесе машинаға ақша жинату жүйелі түрде. Конкурс өткізіп жақсы нəтиже көрсеткен жақсы яғни ақшаны тұрақты түрде жəне тапсырмаларды жүйелі түрде оң нəтиже көрсеткендерге, таңдағандарына қол жеткізуге мүмкіндік беруге. Т.б қала да ауыл да жастары қатыса алады жəне үйді ауылданда қаладан да қол жеткізуге мүмкіндік беру.

4. Ауылдарды аралап жұмыссыз жүрген жұмыс жасағысы келетін ер адамдарды жинап жұмыспен қамту.

Ұсыныс :
Ауылдағы адамдардың үйінде ешкім айдамайтын ешкім пайдаланбайтын шөп жинауға керекті құралдар болады ( трактор,телешкі т.б ) сол заттарды жинап жəне жұмыс жасағысы келетін ер адамдарды шөп жинауға шақыру, қолдағы бар затты пайдалану іске асыру барысында. Өнім дайын болғаннан кейін техника берген адамдарға шөп беріп басқа көмектескен адамдарға шөп беріп, және сатылымға шығарып жалақымен қамтамасыз ету, ауылды еңбекке тарту,ауыл шаруашылықтарын дамыту.

5. Жастарды ата- анасың тастамауға, балаларды жетімдер үйіне мүгедектерді қорғансыз қалдырмау мақсатында.
Ұсыныс : < Қараусыз қалмасын> Адамдар баланы, кəрі кісіні, мүгедекті жетімдер үйіне қарттар үйіне тастап кетсе. Сол тастаған адамдары белгілі бір мөлшерде салық мемлекетке төлеу. Ол салық сол адамдардың жатқан жеріне жөнелді. Салықтан бас тартқан адамға заң күшімен іс қаралады.

6. Жастарды ауыл шаруалықтарына дағдыландыру.
Ұсыныс: 《Жайна Ауылым》
Қала ауыл (ұл да,қыз да ) жастарын алып мал бағатын жерлерге апарып ер балдарымызды мал бауыздауға,қырықтық қырқуға , жəне мал бағуға т.б тəрбиелеу қазіргі ер балаларымыз мал соя алмайды ондай іспен айналыспайды.
Жəне қыз балаларымызды сиыр сауу, құрт қаймақ айран т.б заттарды
Жасауға үйрету.

7. Қала тұрғындарын қаламызды көкалдандыруға тазалыққа шақыру.

Ұсыныс : 《 Таза ауа тазалық , мықты денсаулық 》
Əр тұрғынға бір ағаш отырғызуды міндеттеу. Жене район мекен жай бойынша бөліп беру сол жерге отырғызу және сол жердін тазалығын сақтау. Əр бір адам өздерінің жəне балаларының мықты денсаулықтары үшін өздері үшін. Елімізге жеріміз ге қаламыздың көркеуіне үлес қосу болып табылады.

8. Кітапханаларда буфеттер ашу.
Жалпы адам баласы танертеңнен кешке дейін кітапханада алаңсыз отырып обетке ештенеге асықпай алаңсыз керек нəрсесін оқып іздеп тауып алуға мүкіндік болатын еді.

9. Қаламыздағы кейбір дүкен базарларда балаға зиянды Қытайдың ойыншықтары мен тəттілері тұрады. Сол заттарды сатудан алып тастау.Себебі ол бала денсаулығына зиян ал бала ертеңгі болашағымыз. Қазірден бастап денсаулықты дұрыстау.

10. Қазақ тілін, қазақ əдебиеттерін, тарихтарының жақсы оқыған мамандарды өзге мемлекет елдеріне қазақ тілін үйрететін курстар ашу. Біздегі баска тілдерді үйрететін курстар сияқты.

11. Қалаға шағын парк сияқты иттерге арналған орын. Иттері бар адамдар апаратындай. Өйткені, кала тазалығы маңызды. Кез келген жердің ластануына жол бермес үшін, мысалы қарапайым халық иттерін серуендету үшін далаға шығарды және мектепке,поляға, паркке апарады, мектеп ол балаларға арналған орын, поля ол спортшыларға арналған, ал парк қоғамдық орын демалу ға арналған. Иттерге арналған орын ашылған түрлі инфекция ауру сырқаудың алдын аламыз. Және тұрғындарға жағдай жасау ол əкімнің міндеті.

Жылқыбаева Амина,

Ақтөбе қаласы

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.