«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Темір ауданының Берік есімді тұрғынынан ұсыныстар

«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Темір ауданының Берік есімді тұрғынынан ұсыныстар

Саламатсызба құрметті ТІЛШІ редакциясы, Сіздің әлеуметтік желілерде берілген МЕН ӘКІМ БОЛСАМ атты  хабарламаңызды естіп тәнті болып отырмын. Себебі, қазіргі уақытта әкім қараларды орындарынан табу және де кез-келген уақытта жолығу қиындау. Алдымен жазылу қажет, сосын сол күнді тағатсыздана күтуге мұқтаж жаңдар да кездеседі.

Егер де мен ӘКІМ БОЛСАМ:

Алдымен аудандағы бюджеттік түсімге көңіл бөлер едім. Себебі, барлық аудандағы тыныс тіршілік тікелей салықпен байланысты. Бастысы табыс салығы болса, әлеуметтік салық, меншікке салынатын салық, мүлікке салынатын салық, жер және көлік салықтарын уақытылы төлеуді қадағалап аудан жұртшылығына салықтың түсімімен аудан тіршілігінің тығыз байланысты екендігін ІШКІ САЯСАТ және де САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынар едім.

Халық арасынан шыққан халық қалаулыларын халық пен билік арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру жұмыстарын жаңдандыруды, сол секілді халықтың қамын халық өзі сайлаған депутат ойламаса кім ойлайды?! Қазіргі уақытта кейбір тұрғындар өз учаскесінің депутатын білмейтін де күйге жеттік. Депутаттардың тек қана сайлау алды бастамасындағы үгіт-насихаттық жұмысында көрініп, артынша ізін суытқандары қазіргі жағдайға келмейтін жат қылық. Әр елді мекеннің депутаттары өздерінің сайлаушыларына ЕЛБАСЫНЫҢ бағдарламаларын жеткізіп, ондағы нақты мақсат-міндеттерді түсіндіруді ұсынып, өз учаскелері бойынша аудандық мәслихат сессиясында жылдарға берілген бюджетті бекіту барысында ұсыныстарын сұрар едім.

Аудандағы білім саласының алға іргерілеуін жүзеге асыруды ұйымдастыру. Қазіргі уақыттағы білім жүйесінің жаңа форматқа ауысуына байланысты, мектептерді заманауи технологиялармен жабдықтауды қарастыру. Инвесторлар және де демеушілердің көмегімен мектептерге ИНТЕРАКТИВТІК ТАҚТА, НОУТБУК т.б. сол секілді құрылғылар мен толығуды ұйымдастырар едім. Қазіргі уақытта кейбір аудан орталығынан шалғай елді-мекендерде сонау байырғы Совет одағынан қалған тақталардың да кездесетіні ақиқат. Біздер білімді ұрпақ тәрбиелемей, ешқандай жетістікке жете алмаймыз. Ел болашағы білімді, ұлтшыл ұрпақ қолында. Мектептердегі кітап мәселесін басты назарда ұстап, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары 1-11-сыныпқа дейін толықтай оқулықпен қамтамасыз етуді ұйымдастырамын. Оқу ордасынан 2-3 км қашықтықта орналасқан оқушылар үшін тасымалдаушы көлікпен қамтамасыз етер едім.

«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бойынша елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілердің жөндеу жұмыстарының сапалы да нақтылы орындалуын іске асыру.

Жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын ұйымдастырып жауапты тұлғалардан анализдік мониторингтерін халыққа көрсетуді алға тартар едім. Себебі, жұмыссыз отырған әрбір азамат қайда барып кімнен барып қызмет сұрауын білуі тиіс. Ауданымызда жұмыссыздықты азайтпай, өркендеу қиындау.

Кенттік, округтік әкімдеріне басты тапсырмам қыс мезгілінде көшелердің қардан уақытылы ашылуы, аудан орталығымен әрдайым көлік қатынасын тоқтатпау. Кент округтеріндегі көше шамдарының жануы, ұлағатты ұстаздардың ақын жазушылардың сөздері орналасқан баннерлерді ілуді тапсырар едім.

Ауданымызда орын алған қылмыстарды АІІБ бірлесе отырып азайтуға тұрмыстық бұйымдар ұрлығы, мал ұрлығының болдырмау алғы шарттарын ұйымдастыру басты назарда болар еді. Тағы бір мәселе ол жасөспірімдер арасындағы түйткіл болып табылады. Себебі, мектеп оқушылары ауыспалы кезеңде оларға ата-ана мен ұстаздың және де жасөспірімдер жөніндегі инспектордың мектеп психологтарының ақыл-кеңестері өте қажет. Осындай іс-әрекеттер аясында саналы ұрпақ салиқалы болашақ тәрбиелеп шығамыз.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жұмыстарын ұйымдастыру нәтижесінде ауыларалық жолдын тұрғын үйлердің кәріз жүйелерін қалыпқа келтіруді тұрғындарға түсіндіріп. Мемлекет тарапынан бар көмегін беріп халыққа күрделі жөндеуді талап ететін кәріз, шатыр, т.б. жұмыстарды модернизация бағдарламасы арқылы жүзеге асыруды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырамын.

Ішкі саясат және де Жастар ресурстық орталығының жұмыстарының жаңа форматқа ауысуын талап етер едім. Бірқалыпты жиналыс, дөңгелек үстел қазіргі жастарға тән әдіс емес. Аудандағы белсеңді жастардын өзіндік жоспар құрып, өз жоспарларына қатысты іс-шаралар ұйымдастыруды алға тартар едім. Ішкі саясат бөлімінің жұмысы аудан жұртшылығына мемлекеттің саясатын жеткізуді ұйымдастырамын.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне облыстық әнші сазгерлерді ауданға концерттік  жаңа бағдарламаларымен ән кешін ұйымдастыруды ұсынамын. Ауданымызда неғұрлым мәдени шаралардың көп өтуі халық игілігіне арналған тарту болар еді. Сонымен қатар спорт жарыстарының жазғы уақыттағы және қыз мезгіліндегі өтуін ұйымдастыру. Жаз мезгілінде аудан спортшыларына арналған былғары доп, стрит бол, интелектуалды ойындар арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ұлттық ойындарымыз асық ату, ат жарыс, қазақша күрес  секілді шараларды өткізуді ұйымдастырамын. Қыз мезгілінде жас ерекшелігіне орай шаңғы жарысы, хоккей турнирлерин ұйымдастыруға болады.

Аудандағы кәсіпкерлік бөлімінің жұмысымен тығыз байланыста болу. Импорттан  келетін тауар бағаларының тұрақтылығын қадағалау, бастысы өзіміздің отандық өңімізді дүкен сөрелеріне қойып, аудандығы қоймаларда сақталған картоп, жуа, сәбіз секілді жемістердің бағасын тұрақтандыру. Нан бағасының күрт көтерілуіне жол бермеу, ауданда әлеуметтік дүкен ашу. Ауданда өңдіріс нысандарын ашуды ұйымдастыру.

Басты назар қазіргі уақыттағы ауыл шаруашылығына бөлу қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, АЛТЫН АСЫҚ, ҚҰЛАН, СЫБАҒА бағдарламаларын іске асыру. Ол дегеніміз аудандағы жеке қожалықтардың мал басының өсуіне және отырықшылық мал шаруашылығымен айналысуға бірде-бір мүмкіндік болып табылады. Осы бағдарламалар аясында кәсіп ашамын, мал шаруашылығымен айналысамын деушілерге мемлекет тарапынан көп көмегін беретіні айқын екендігін түсіндіру. Бағдарлама аясында несие алған жеке қожалық басшыларымен кездесу жасап семинарлар өткізуді іс-тәжірибе алмасуды ұйымдастырар едім.

Мемлекеттік қызметкерлердің халық алдында тәкаппарлық бейне жасаудан, өзімшілдік іс-әрекеттерден бойын аулақ ұстауды айтар едім. Себебі ХАН ҚЫЛА БІЛГЕН ХАЛЫҚ ЖЕР ҚЫЛА ДА БІЛЕТІНІН ӘРДАЙЫМ ЕСТЕРІНЕ САЛЫП ОТЫРАР ЕДІМ. Қанша белес бағындырсаң да сол халқыңның арқасында екендігін ұмытпауы қажет. Арыз-шағыммен келген адамның шағымын тез арада шешілуін қарастыруды ұйымдастырам.

Берік Т., Темір ауданы

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.