«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Шалқар ауданынан Рүстем Қалпақовтың ұсыныстары — TILSHI.KZ

«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Шалқар ауданынан Рүстем Қалпақовтың ұсыныстары

Бөлісіңіз

Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі! Тəуелсіздігіміздің 25 жыл мерейлі мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Егер мен əкім болсам, Шалқар ауданына көптеген өзгерістер енгізер едім.

Алдымен қарттармен, ардагерлермен танысып, олардың айтқандарына көңіл бөлу, ауыл шаруашылығына көп мəн беріп, ауыл-аймақтың əл-ауқатын көтеріп, төрт түліктің басын көбейтуге ден қояр едім.

Жастарды мектеп қабырғасынан бастап еңбекке баулу, дəрігерлік көмекке көп мəн беру, жұмыссыздықты азайту, кəсіпкерлермен тығыз байланыста болу жəне оларды қолдау, жасөспірімдерді спортқа баулу, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру керек.

Сонымен бірге, облыстық білім басқармасымен бірлесіп ауданнан жаңа оқу орындарын ашу, Шалқар көлін тиімді пайдалану, бау-бақшаларды қайта қалпына келтіріп, əкімшілік жанынан топ құрып, жеміс-жидек көкөністер егіп, одан алған өнімді халыққа ең арзан бағамен сату, азық өндіретін нысандар ашып, азық-түлікті алыстан тасымалдамай жергілікті жерден өндіруге күш салар едім.

Рүстем Қалпақов, Шалқар

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *