«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Рауан Кемербайдың ұсыныстары

Бөлісіңіз

Ізгі қала

Адамзат баласы ықылым заманнан бері — бір ғана арманды мұрат етіп келеді. Өмірде адамша өмір сүру. Адамға, өмір сүруге қажетті стандарттарды ойлап табу. Яғни, адамзатқа барынша тиімді, күнделікті өмірін жеңілдететін, пайдасы мол, уақытын үнемдейтін орта қалыптастыру ең маңызды құндылық. Оны біз — Ізгі қала дейміз.
Осы ізгі қала тұрғындарының екі тобы бар. Біріншісі ізгі қала тұрғындары. Олардың барлық ойы ізгілік, мейірімділік. Өз еріктерін басқа тұрғындармен байланыстырып, дос, бауырмашылдық принциппен өмір сүреді. Бекітілген тәртіпке бағынып, бір-бірін сыйлайды.
Екіншісі ізгі қала тұрғындарының көзқарасын — бір мақсат, бір мүддеге тоғыстыратын, олардың барлық тілек, ізгі армандарын жүзеге асыратын ерекше қабілетті, дарынды Ізгі басқарушы. Оны қазіргі тілмен айтсақ әкім. Дана халқымыз «Әкім бол, халқыңы жақын бол»,- деп айтқандай, әкім – халықтың қызметшісі. Өздері сеніп тапсырған сенімді өкіл. Олай болса ізгі қала тұрғындары мен әкімінің арасында үзілмейтін үміт бар.
Үміттің отын сөндірмеу үшін әкім қала тұрғындарының лайықты өмір сүруі үшін қажетті стандартты ойлап табады. Ол стандарт халықтың ішкі қуат, салт-дәстүрлеріне, ата-баба жолына жақын болса, қолдау тапқаны. Олай болмай шықса ортадағы нәзік жіп үзілгені. Жіптің үзілмеуін бағалау қажет. Ол үшін әкімге қойылатын талапта жоғары. Халық айтады: «Әкімде, қырық адамның ақылы бар дейді».
Ақылды әкім ғана ізгі қала тұрғындарымен бірлесіп, ізгі қала тұрғыза алады. Хакім Абай «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым» — деп айтқандай ізгі қаладағы тұрғындардың барлығы Сіздің бауырыңыз. Бауырсыз адам өмір сүре алмайтындығын ескерсек, ізгі қаланың әр  тұрғыны баға жетпес байлық. Фараби бабамыз «Ізгі қаланы – кемелдеген, сырқатсыз адамның денесіне ұқсатқан». Әр дененің  мүшесінің саулығы, рухани тұрғыдан тұтас қарастырғандықтан, бақытқа жету жолында бір-біріне көмектесіп отырған.
Олай болса, Мен әкім болсам, ең алдымен халық ортасына ізгілік дәнін сеуіп, ең алдымен рухани қажеттіліктерін қанағаттандырып, олардың бай-қуатты өмір сүруі үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыру қажет деп ойлаймын. Өзара көмекке зәру ізгі қала тұрғындары мен әкімінің арасындағы сұхбат үзілмесін деп тілейік.

Руслан Кемербай

 

Ұқсас жаңалықтар

One thought on “«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Рауан Кемербайдың ұсыныстары

  1. Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінің желісі секілді. Сен әкім емес Хәкім Абай болатын адам екенсің бауырым. Қысқасы, әкім бола алмайсың

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *