«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Әсел Нұрланқызының ұсыныстары

Бөлісіңіз

Егер мен болашақта әкім болып жатсам… Алдымен халықпен бас қосып жиналыс жасап, ұсыныстарын тындап, талқылаймын. Себебі, мен солар үшін осы жұмысқа тұрдым. Және әрбір жыл сайын есеп беріп істеген жұмыстарымды көрсетіп отырамын. Қолдауды жастардан бастаймын. Олар ел болашағы, ұлт тірегі. Білімге көп көңіл бөлемін. Білім сапасы, тәртіп, сауаттылық т.б. істерді қолға аламын. Демалыс орындарын да қарастырамын. «Жастықты тек оқумен өткізу ақымақтық!».

Іс-шараларды көбейтіп, жұмыссыз жастарды еңбекке тартып, жаңа идеяларды жүзеге асырар едім. Мекемелерде тек қазақша сөйлеуді талап етемін. Және ауыл (аудан,қала) сұлулығы, тазалығы үшін әр үйге бірнеше талдан болсын егуді ұсынамын. Тек үйлер емес, басқа да қоғамдық орындарға да. Көбіне жаяу жүріп, халық арасында көп болар едім. Солар жүретін жолдармен жүріп, баратын мекемеге, сауда орындарына барып, қарапайым халық секілді өмір сүрер едім. «Басына түспей, түсінбейсін!» дегендей. Әр нәрсенің уақытында, ұқыпты орындалғанын қалаймын. Бұл менің жеке ойым, ұсынысым.

Әсел Нұрланқызы, оқушы,

Әйтеке би ауданы

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *