Екі апта бойы салқын жерде концертке дайындалған жастар Сапарбаевтың назарынан тыс қалмады (ВИДЕО)

Бөлісіңіз

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концерт аяқталған бойда облыс басшысы сценарийден тыс микрофонды қолына алып, екі апта бойы салқын жерде концертке дайындалған жастарға алғысын жаудырды, деп хабарлайды «Тілші».

«Кеше дайындықтың соңғы күнінде жастармен кездескенімде «енді соңғы рет шыдамдылық танытыңдар, еліміздің тәәуелсіздігінің 25 жылдығына қосқан үлестеріңіз болсын» деген едім. Манадан бері кештің көркін қыздырдыңдар. Сендерге рахмет, жастар!», — деді Бердібек Сапарбаев мерекелік шараның сәнін кіргізген жастарға қарап.

Облыс әкімінің айтуынша, бастапқыда келіспеушіліктер болғанға ұқсайды.

«Алғашында онша болмағанымен, концерттің соңғы жағы керемет болды», — деді әкім жұрт тарқамай жатып.

Бердібек Мәшбекұлы қалың көпшілік алдында режиссерға да алғыс айтуды ұмытпады.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *