«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Радик Жақыповтың ұсыныстары — TILSHI.KZ

«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Радик Жақыповтың ұсыныстары

Бөлісіңіз

Егер мен әкім болсам, халықтың негізгі әлеуметтік жағдайына, су, жылу, жарық, жолға көңіл бөлер едім. Қазіргі күні ауданымызға (Мұғалжар -«Тілші») жақын орналасқан ауылдық жерлерге газ берілмей отыр. Газ құбырын халықпен біріге отырып, беделді азамат жігіттер мен демеушілер қарастырып, жұмыс жүргізуге де болар еді. Ауылға жеткізіп берсем, халық өздері-ақ үйлеріне кіргізуге дайын отыр.
Су мәселесіне келсек, 21-ші ғасырда ауыз сусыз отыру деген ақылға қонымсыз жағдай. Су құбырын тартуға қомақты қаражат жұмсамай, әр ауылға скважиналар қазып берер едім.
Ауылдан орталыққа қатынауға, әсіресе, қысты күндері халыққа жол аршуды ұйымдастыруға бөлінген қаражатты дұрыс пайдалануға өте үлкен көңіл бөлген болар едім. Қала ішіндегі тас жолдардың салыну сапасы нашарлап барады, салынған жолдар пайдалану мерзіміне жетпей бұзылып, тесіліп қалмауын қадағалаған болар едім.
Жарық көзін жүргізуге бағана орнатып, сым тартып,трансформаторлар орналастырудың қазіргі дамыған заманымызда ешқандай қажеттілігі жоқ. Себебі, жел арқылы немесе күннен энергия алу арқылы жарық көзін алуды ұйымдастырған болар едім.
Жұмыссыздықтың көбейіп кетіп бара жатқанына аса көңіл бөлу қажет. Жеке мекемелер облыс орталығына барып тығылуда. Сол мекемелерді ауылдық орталықтарға ұстап қалуды ұйымдастыру қажет. Кәсіпорын көздерін ашам деп үміттенушілерге көмек көрсетіп, өз тарапымнан ықпал көрсету.
Тұрмыс жағдайлары нашар отбасыларға, мүгедектерге, көп балалы жанұяларға жеңілдіктер жасап, ел қатарымен бірге өмір сүрулеріне көмек көрсету орындарын қарастырар едім. Жастарға қолдау көрсетіп, халықтың алдына шығып, жиі араласып жағдайларын қадағалаған болар едім.

Радик Жақыпов, Мұғалжар ауданы

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *