«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Шапағат Аманжолдың ұсынысы

Бөлісіңіз

Үлкендеріміз бата бергенде «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деп жатады. Қандай қасиетті сөз. Қандай қарапайымдылық. Иә, бала күнімізде бәріміз де бастық болуды армандағанымыз рас. Ол уақытта «бастық» деген сөз үшін ғана деп ойлаймын. Қазір сол арманның бәрі адыра қалған еді. Бірақ кейде, өңіріміздегі әкімнің көзі көрмей, аяғы баспаған ауылдардың мұң-мұқтажын естіп әкім болғымыз келіп кетеді. Ауыл әкімі емес, аудан әкімі емес, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев болғың келеді-ау кәдімгідей! «Неліктен?» дейсіздер ғой. Себебі, ауыл әкімі болсам тек қана бір ауылға пайдам тиеді, ал аудан қарамағындағы қалған ауылдар ше?! Аудан әкімі болсам тек қана бір ауданға пайдам тиер, ал облыс көлеміндегі қалған аудандар ше?! Сондықтан түгел бір облыс халқының жағдайын жасайтын әкім болсам деймін.

Әкім болсам мен орындауға тиіс бірнеше мәселелер бар:

1. «Әкім бол, халқыңа жақын бол»
(Халық даналығы)
Халыққа қызмет
а) Елбасының «Халық – биліктің қайнар көзі» деген сөзін ұстаным ету.
б) халықпен жиі кездесіп, олардың ұсынысын, ескертуін тыңдап, үнемі ақылдасып отыру.

2. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын»
(Абай Құнанбайұлы)
Жұмыс жайы
а) дипломы бар барлық азаматтарды жаппай жұмысқа орналастыру;
б) ата-анасының қамқорлығындағы жұмысқа қабілетті бірақ, дипломы жоқ жастарды жұмыспен қамтамасыз ету. Қоғамды бос жүргендер аздырады һәм азғырады.

3. «Тәртіпке бағынған құл болмайды»
(Бауыржан Момышұлы)
Қоғамдағы тәртіп
а) олардың ішінде қазіргі біздің қоғамдағы өрескел мәселені туғызып жүрген педофильдерді қатаң түрде жазаға тартып, тәртіпке салу;
б) 21 жасқа толмаған азаматтарға алкогольдық және есірткі түріндегі заттарды пайдаланбауды қадағалау;

4. «Екі елді жол қосады»
(Халық аузынан)
Жол байланысы
а) қала мен ауыл арасындағы жолдарды жөнге келтіру;
б) ауылдық жерлерден аудан орталығына, аудан орталығынан облыс орталығына жеткізетін қоғамдық көлік мәселесін қолға алу;

Мінекей, ең әуелден осы мәселелерді шеше білген әкім ғана халық көңілінен шыға біледі деп ойлаймын.

Шапағат АМАНЖОЛ
Қарғалы ауданы, Бадамша селосы

Ұқсас жаңалықтар

One thought on “«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Шапағат Аманжолдың ұсынысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *