Ақтөбелік алты жасар қыз «Келін» сериалын түгелдей жаттап алған

Бөлісіңіз

Ақтөбеде 6 жасар қыз «Келін» телехикаясының әрі қарай қалай жалғасатынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Бүгінде отандық телеарналарды жаулаған шетелдік телесериалдарды еңкейген қариялардан бастап кішкентай бүлдіршіндерге дейін тамашалайды. 12 жастан бастап көруге рұқсат бергенімен «Келін» телехикасының аудиториясы жоғары екені сөзіміздің дәлелі. Соның бірі — Алға ауданында тұратын Жансая Нұрғали.

Жансая халық арасында «Ананди» аталып кеткен сериалды 4 жасынан бастап көріп келеді. Бүгінде мектепте даярлық сыныбында оқиды. Оқу үлгерімі де жоғары. Оның айтуынша, үзіп беретін телехикаяның жалғасын YouTube желісінде хинди тілінде қарайды екен. Әрине, бүлдіршін сериалды демалыс кезінде көретінін жеткізді.

Сонымен хикая қалай жалғасады?

«Иә, телехикая әлі ұзақ жалғасады. Бүгінде Ананди өзінің қызын тапты. Немболиді асырап алған Ахирадж Синх сотталады. Алайда ол түрмеден қашып шығады. Ананди Ахриадждың қолынан қаза табады. Бұл сериалдың жалғасы Анандидің қызының оқиғасымен жалғасады», – дейді алты жасар Жансая.

Айта кетейік мұндай телехикаяларды балалардың тамашалауына көпшілік қарсы. «Келін» телехикасы «Қазақстан» телеарнасында төрт жылға жуық көрсетіліп келеді.

Ел арасында қариялардың: «Дүниеде ұл көрдік, қыз көрдік, немере сүйдік, бақыттымыз. Алайда, Анандиді соңына дейін көріп кетсек, арманымыз жоқ» деп әзілдегені бар.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *