Ақтөбе облысының тұрғыны үй жануарының тезегінен шырша тұрғызды

Бөлісіңіз

Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылының тұрғыны малдың тезегінен шырша тұрғызды, деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары. Алайда, биіктігі бес метрден асатын шыршаның нақты қай елді мекенде тұрғызылғаны жайлы нақты мәлімет жоқ.

Ғаламторда пайда болған фотода ер азамат шыршаның алдында тұр.

Интернет пайдаланушыларының айтуларына қарағанда, суретте тезек пен көмір жақпайтын Қарабұтақ ауылы болуы мүмкін.

«Ауылға көгілдір отын келіп, тезек пен көмір əлегінен құтылған өңірдің қойнауы құтты, беткейі берекелі. Қаладағыдай 6 миллионның шыршасын шырайын шығарып жақпай, жоқтан бар жасаймыз» дейді Қарабұтақ ауылы тұрғындарының бірі.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

One thought on “Ақтөбе облысының тұрғыны үй жануарының тезегінен шырша тұрғызды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *