Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні

Бөлісіңіз

9 желтоқсан — халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні Ақтөбе облысы бойынша «ХҚКО» департаменті «ЗТМО» және «ЖКЖМТТ» департаменттерімен бірігіп, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет: құқықтық қамтамасыз ету және  жосықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.
«Дөңгелек үстел» отырысына «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облысы филиалының өкілдері, ҚР мемлекеттік ішкі істер Агенттігі Ақтөбе облысы бойынша Басқармасының және ҚР Ақтөбе облысы бойынша  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары,сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты алдын алу және сыбайлас жемқорлық жосыққа шыдамдылықты қалыптастыруда құқықтық көмектің маңызы мәселелері түсіндірілді. ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық стратегиясының негізгі ережелері,сонымен бірге оларды жүзеге асыруда негізгі механизмдері қозғалды. Қатысушылар халықты құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру туралы мәселелерді, сыбайлас жемқорлық құқықтық бұзушылықты алдын алу бойынша өткізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпараттарды тыңдады, ақпараттық- насихаттау іс-шаралары, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа жағдай тудыртатын құқықтық бұзушылықтарды талқылады.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *