Тілші тәжірибесінен. Мұратбек Бимановтан 5 лайфхак

Тілші тәжірибесінен. Мұратбек Бимановтан 5 лайфхак

1. Спорт журналистикасындағы ең басты қабілет — жылдамдық. Оқырманға ақпаратты уақытында жеткізу міндет. Әрбір секунд, әрбір ұпай және әрбір гол жаңалықтың маңыздылығын өзгертіп жіберуі мүмкін.

2. Спорт жаңалықтары нақты дерекпен жазылуы тиіс. Журналист жанкүйер емес. Сол себепті үнемі бір команданы жақтап, екіншісін даттауға болмайды.

3. Сараптамалық мақалаларды эмоциядан арылту керек. Журналистің жеке көзқарасы мен болжамы да болмаған жөн. Оның орнын сарапшылар мен мамандардың пікірі басқаны артық.

4. Спортшыдан сұхбат алғанда өзіңді ақылды етіп көрсетпеген дұрыс. Маңызды сұрақтар қою арқылы толық мағлұмат алуға ұмтылу керек. Өйткені, спортшының жауабы әр сұхбат сайын қайталануы мүмкін.

5. Әр ақпараттың тақырыбы ішіндегі мәтінге сай болуы шарт. Бұрын жарияланған ақпараттарды тізіп шығып, шолу жасау міндет емес.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.