Шалқар ауданы әкімдігі «Тілшіге»: Мемлекеттік қызметкерлердің төбелеске қатысы жоқ

Бөлісіңіз

Шалқар ауданының әкімдігі таяуда өңірде болған жаппай төбелеске мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органы өкілдерінің қатысы жоқ екенін алға тартып отыр, деп хабарлайды «Тілші».

Редакция аудан әкімінің орынбасары А.Бурамбаеваның қолы қойылған хат алды. Әкім орынбасарының хабарлауынша, төбелеске қатысты мәлімет аудандық ішкі істер бөліміне 4 желтоқсанда тіркелген.

Тергеу барысында оқиғаның 3 желтоқсан күні кешкі сағат алтылар шамасында Байқадам ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым қашықтықта болғаны анықталған. Онда орналасқан қожалық жұмысшылары мен қонақтар арасында жанжал туындаған.

Жергілікті әкімдіктен хабарлағандай, оқиға қылмыстық кодекстің «бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді.

«Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жұмыстары одан әрі жүргізіліп, аталған оқиғаға мемлекетті кқызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қатысы жоқ екендігі анықталды», — деп хабарлады «Тілшіге» Шалқар ауданы әкімінің орынбасары А.Бурамбаева.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін «Тілші» Шалқар ауданында жаппай төбелес болғанын хабарлаған болатын. Оған мемлекеттік қызметкерлермен қатар, құқық қорғау органдары өкілдерінің де қатысы болуы мүмкін екендігі айтылды.

Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, шенеуніктердің бірі туған күнін атап өтсе керек.

«Дастархан ертеңіне де жалғасқан. Төбелестің неден шыққаны белгісіз. Бірнеше адам жарақат алды. Алайда, олардың барлығын бірдей ауруханада тіркеп жатыр ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Төбелеске мемлекеттік қызметкерлердің де, шаруа қожалықтарының да қатысы бар болуы мүмкін. Ауыл арасы жақын ғой. Бүгінде ел болып, осы жайтты талқылап жатырмыз, — деп хабарлаған болатын «Тілшіге»  аты-жөнін атамауын өтінген оқырман.

Айта кетейік, Шалқар шенеуніктері осыдан бірнеше жыл бұрын Астана қаласында билік партиясының съезіне барғанда да шу шығарған болатын. Сол уақытта билікте жүрген азаматтар төбелескен еді.

Сәкен Елемес, «Тілші»

 

Ұқсас жаңалықтар

One thought on “Шалқар ауданы әкімдігі «Тілшіге»: Мемлекеттік қызметкерлердің төбелеске қатысы жоқ

  1. Тобелестiн iшiнде салык , полиция кызметкерлерI жане аудан депутаты болган, тексеру кажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *