Ақмарал Сансызбай — БӘРІБІР СҮЙЕМІН!

Ақмарал Сансызбай — БӘРІБІР СҮЙЕМІН!

Бұл, сірә, сөзі емес жасықтың!
Арманға жеткенше асықпын…
Қиналып жүрсем де мен ылғи
Сонда да өмірге ғашықпын!

Мұңайып атса да құла таң
өзімді өлеңмен жұбатам.
Жүрекке жүрсе де мұң толып,
сонда да өмірді ұнатам!

Жалынға қып-қызыл күйемін.
Мұңымды жүрекке тиедім.
Өмірдің болса да жүгі ауыр
бәрібір…
Бәрібір сүйемін!..

Келмейді ішіме сыр бүккім
тағдырым жатса да жұлқып мың.
Мені өмір тұрса да жек көріп,
сонда да…
Сонда да ынтықпын!..

Жаншылып жатса да жүрегім
жыламай,
қуанам! Күлемін!
Жығыла берсем де жартастан
Өмірден үзілмес күдерім!..

Бір құлап,
бір тұрып келемін;
Мейлі, өмір, болмасын керегім,
Мың құбыл! Жүз өзгер!
Бәрібір  —
Сүйемін!
Сүйе де беремін…

  1. Нағашыбай 23.04.2017, 22:28

    Тамаша өлең!

    Reply
  2. Нағашыбай 23.04.2017, 22:41

    Мен өмірді өмір деймін, жалған демен,
    Қажығандар айта берсін: «Өмір — сүргін!»
    Күндеріме күйзелсем де қалған дәмем,
    Өмір сүргім келеді, өмір сүргім!

    Reply
  3. Нағашыбай 03.08.2017, 00:59

    Уа, жетелім,
    Сенің өміріңдегі мен
    Соңғы әйел болсам деп ем,
    Ең соңғы,
    Нақақтан емес, некелі,
    Оңды.

    Сенің шаңырағыңның шырағы болсам деп ем,
    Қайырлы таңың, жылы ұяң, тұрағың болсам деп ем,
    Есіңнен адастырар құмарың болсам деп ем,
    Ақтық сүйіктің, тынысың, шын арың болсам деп ем,
    Сенің талмас, тынбас қанаттарың болсам деп ем,
    Сенің бар бірегей санаттағың болсам деп ем,
    Одан кемге мен көнбеймін
    Және өміріңе енбеймін.
    Дамылдасаң,
    Менімен ғана дамылда.
    Сенің өміріңдегі мен
    Соңғы әйел болсам деп едім, ең соңғы
    Және жалғызың да…
    Шырының да, Нарғызың да…
    Вита Савицкая
    Перевод Н.Балмаханұлы

    Reply

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.