Ақтөбе облысының аудандарына сүт таситын көлік беріледі

Ақтөбе облысының аудандарына сүт таситын көлік беріледі

Ақтөбе облысының әр ауданына сүт таситын көлік беріледі, деп жазады «Тілші». Бұл туралы Хромтау ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады.

Оның айтуынша, бұл мақсаттарға қаржы бөлініп жатыр.

«Әр ауданға бір-бір сүт таситын көлік беріледі. Сонымен бірге, сүт қабылдайтын қосындар ашу жөнінде мәселе қарастырылып жатыр. Халықтан сүт жинауымыз керек. Егер сүт қабылдайтын, орталықтандырылған орын болса, қарапайым халық сүтті сонда апарып өткізеді. Мәселен, Хромтау ауданында сүт өндірісі толық қуатқа шықпай отыр. Өйткені, сүт жоқ. Ал, шын мәнінде, халықта сүт бар, тек оны жинай алмай отырмыз. Егер, арнайы орынға жинайтын болсақ, сүт өндіретін цех 100 пайыз қуаттылығын пайдаланған болар еді», — дейді әкім.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламалары аясында алдағы жылы қаражат бөлінеді. Қосымша техникалар алынады.

«Бүгінде ауыл шаруашылығында дәстүрлі емес өсімдік түрлерін өсіруді де қолға алу керек. Құлпынай, бүлдірген өсіру керек, ешкі сүті өндірісін қолға алған жөн. Нарықтық экономикаға ыңғайланып, дәстүрлі емес бағытта да жұмыс істеу керек. Сол кезде ғана жыл он екі ай жұмыс жасауға мүмкіндік туындайды. Қоян өсіру керек, бал арасынан бал алу керек», — деді әкім жиналған тұрғындар алдында.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: FOODRUSS.ru

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.